Пішен жинау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пішен жинау - табиғи не екпе шөпті ору және кептіру. Шөп құрамындағы қоректік заттар толық жетілген кезде шабылады. Мезгілінде шабылып, кептіріліп жиналған пішен сапалы да құнарлы, құрамында малға қажетті қоректік заттар, витамин де жеткілікті мөлшерде болады. Пішен жинаудың әр аймақта ауа-райы ерекшелігіне сәйкес шөпті шабу, кептіру, жалға жинау, одан көпенеге, шошаққа, маяға салу мерзімдері әр түрлі. <ref>Қазақ совет энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер