Пысықтық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:06, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Пысықтық — жұмыстық қабілеттің жоғары нәтижелі түрі, кісілік қасиеттің жасампаз белгісі. Пысықтау — істің ыңғайын білетін іскерліктің, тындырымдылықтың, тыңғылықтың қайнар көзі. Пысықтау өз ісіне деген ширақтық пен белсенділік, мақсатына деген сауаттылықпен талғампаздық, күш-қуаттың жігерлілігі мен жүйелілігі. Пысық адам ойланбай іске араласпайды, орынсыз шиеленіске бармайды, істің бас-аяғын сараптап, уақытын текке есепсіз босқа өткізбейді, жұмысын айқын мақсатына орай жоспармен жүргізеді. Ақылдасқан іске өзінше байыппен, сеніммен кіріседі, оның пайдалы жағын лезде ескеріп, аз шығындалу жолын тандайды. Табыс үшін, өзінің болашағы үшін іскер, өнерлі, беделді кісілермен тіл табысуға бейім тұрады, олармен ілтипатты қарым-қатынас құрады. Пысық адам табысы мен өмірлік қарымын арттырады, өмірге деген оптимистік көзқарасымен өзгені еліктіреді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}