Психотехника

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:06, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Психотехника (психо және Үлгі:Lang-el — өнер, шеберлік) — психологиядағы адамның психикасы туралы білімді еңбек іс-әрекетіне тікелей байланысты практикалық мәселелерді шешуге қолданумен шұғылданатын бағыт. Психотехника терминін 1903 ж. неміс психологі В. Штерн (1871—1938) ұсынды. Ғылым ретінде қалыптастыруға әрекеттенген Г. Мюнстерберг болды. Психотехниканың негізгі міндеттері: кәсіптік бағдар мен кәсіптік іріктеуді жүзеге асыру; адамның шаршау себептері мен еңбектегі жаттығу ықпалын зерттеу; адамды мәшинеге, мәшинені адамға ыңғайластыру мүмкіндігін арттыру; тұтынушыға ықпал ететін түрлі тәсілдердің тиімділігін анықтау; жұмысшыларды кәсіптік даярлауда олардың психикалық қабілетін жетілдіру және т.б. Көп жағдайда психотехника "қолданбалы психологиямен" үйлестіріледі де, оның құрамына еңбек, сауда психологиясын, әскери психологияны енгізеді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}