Психологиялық кедергі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Психологиялық кедергі - психологиялық болмыстың (қорқу, сенімсіздік, қаламау, тілемеу және т.б.), адамның кейбір әрскеттерін нәтижелі орындауға кесірі тиетін ішкі кедергілер. Адамдардың іскерлік және жекелік қатынастарында жиі кездесіп ашық және сенім туғызатын қатынастарға кедергісі болады. Психологиялық кедергілер (бөгеулер). Әр түрлі әрекеттерді орындауға кедергі болатын субъектінің енжар психикалық күйі. Психологиялық кедергі эмоционалдық механизмі жағымсыз қобалжулар мен нұсқаларды күшейтуде — ұяңдықты, кінәлі сезімді, үрейленуді, өзінің мүмкіншілігін төмен бағалауды, атқаратын міндетпен дұрыс байланыстырмағанда пайда болады. Индивидтің әлеуметтік қылығында психологиялық кедергі эмпатияның (басқа адамға жаны ашып қарамау) жоқ болғанында, әлеуметтік талаптарға ыңғайланбағанында да көрініс береді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}