Психогенетика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:06, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Психогенетика (психо... және Үлгі:Lang-el — туылуына, шығу тегіне жататын) —

  • 1) психикалық және мінез-құлықтық кейбір құбылыстардың тұқымқуалаушылық сипатын және олардың генотипке тәуелділігін зерттейтін ғылым саласы. Психогенетиканың негізін Ф. Гальтон, Н. Жуел-Нильсон және т.б. қалады. Психогенетикалық жетістіктер адамның жасы келген сайын, оның зердесінің жеке ерекшелігіне генотиптің тигізер ықпалы айқындалып, күшейе түсетінін көрсетеді. Мысалы, адамның миллиондаған жылдар бойы ортаға бейімделу қабілетінің жетілуі, оның өзгеге және қоғамға деген қатынастары тұлғалық ерекшелігінің қалыптасуы осының айғағы;
  • 2) психологияның генетикамен шектес саласы, психологиялық процестердің генетикалық негіздерін зерттейтін салааралық ғылым. Психогенетиканы кейде психология саласына жатқызады. Психогенетика адамның жеке тұлғалық психологиялық ерекшелігінің шығу тегі мен қалыптасуын генотип ортаның ықпалы арқылы қарастырады. Ғылымда адамның психикалық қызметінің даму факторлары туралы біржақты көзқарас қалыптасқан. Психогенетикадағы көптеген ізденістер жоғары психикалық қызметтің индивидтер арасындағы әртүрлілігін зият, ақыл-парасатпен салыстыруға айрықша мән береді. Психогенетикадағы тектестік дәрежесі (жалпы гендер саны) мен ақыл-парасат күйінің көптеген көрсеткіштерінің арасында тікелей байланыс бар екендігін тапты. Адамдық, әлеуметтік факторлар мен жағдайлар жеке тұлғалық психикалық ерекшеліктерді генотипке бейімдеуге ықпал етеді деген болжам күшін жойған жоқ.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}