Психогенез

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Психогенез (Үлгі:Lang-el — жан, genesis — шығу тегі) — психикалық құбылыстардың дұрыс қалыптасқан және науқасқа ұшыраған көріністерінің басталуын қарастыратын ұғым. Психогенез "бұрынғы психикалық процестер кейінгі бақылаудағы көріністердің қалыптасуына міндетті түрде ықпал етеді" деген психикалық детерминизм қағидасын негізге алады. Психогенез түйіні: егер кездейсоқ, түсініксіз кейбір психикалық құбылыстардың өзін нақыштап олардың себеп-салдар желісін айқындай түссек, онда кез келген психикалық құбылыс саналы және санасыз күштердің қарым-қатынасының күрделі түйіні болып шығады. Психикалық талдаулық әдіс адамның балалық кезіндегі құбылмалы шиеленісті дұрыс түсіну, оны өзгерту мен алмастыру мүмкіндігін ашады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}