Протопласт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:52, 2014 ж. желтоқсанның 2 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

ПротопластҮлгі:Lang-grc — «алғаш» + Үлгі:Lang-grc2 —өсімдік клеткасы (қабыгынан басқа) ішіндегі заттарының жалпы атауы. Протопластқа клетканың структуралық жүйесі — цитоплазма, клетканың зат алмасу процесіне қатысты маңызды құрамы — ядро, ақуыздық заттар — пластидтер, митохондрилер жатады. Цитоплазмада бүл органеллалардан басқа физиологиялық маңызы зор ұсақ органеллалар да болады. Бұған Голъджи аппараты, эндоплазмалық тор, рибосома, сферосома т. б. органеллалар жатады. Жалпы алғанда Протопласт кілегейге үқсас, химиялық құрамы органикалық және органик. емес заттар ңосылысы, бүнда клетканың тірі компоненттері орналасады, зат алмасу процесі өтеді. Протопласт элементтерін екі топқа бөлуге болады. Бұның бірі — ядро, цитоплазма және оның құрамдары, екіншісі—цитоплазма емес немесе эргастикалық (метоболит) заттар. Ядро мен ңитоплазма және бұлардың құрамдары клетканың тірі бөлігін, ал эргастикалық заттар тірі емес бөлігін құрайды. <ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер