Пропилен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:03, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Пропилен, пропен, — қанбаған көмірсутек; түссіз жанғыш газ, балқу —185° С, қайнау — 47,7° С. Пропилен мұнай өнімдерін пиролиздеу, крекингілеу кезінде бөлінетін газдардың және аз мөлшерде кокс газының құрамында болады. Оны өнеркәсіпте мұнайды қайта өңдеуде шығатын газдардан, хром катализаторының қатысында, пропанды жоғары температурада дегидрогендеу, бутанды пиролиздеу арқылы алады. Өнеркәсіпте Пропиленнің катализдік өзгерістері жиі қолданылады. Пропиленді катализдік тотықтыру арқылы Пропилен тотығын, акролеин, ацетальдегид т. б. қосылыстар алуға болады. Пропилен — мұнай химиялық өндірісінде және пластмасса, каучук, еріткіштер алуда пайдаланылатын маңызды шикізат.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер