Практикалық жұмыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Практикалық жұмыстар - оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті лабораториялық жұмысқа ұқсас. Кейбір оқу пәндерінің әдістемелерінде (мысалы, еңбек және кәсіби оқыту әдістемесінде) "лабораториялық-практикалық жұмыс" деген термин қолданылады. Практикалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Практикалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау — анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, оқытудағы теория мен практиканың байланысы, оқушылардың дербестілігі мен танымдық күшінің дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің маңызды құралы. Практикалық жұмыстар білімді бекітуге және нақтылауға себепші болады. Практикалық жұмыстарды орындау мазмұны мен тәсілдері оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты. Мысалы, химиядан практикалық жұмыс химиялық құбылыстарды түсіндіруге жөне бақылау біліктілігін дамытуға; заттарды алуға және ажырата білуге себепші болады; оқушыларды химиялық лабораториядағы жұмыстың қарапайым тәсілдерімен таныстырады; заттармен, химиялық ыдыстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Биологиядан практикалық жұмысқа табиғи объектілерді анықтау бойынша жүргізілетін жұмыстар, эксперимент жатады. География сабағы бойынша жүргізілетін практикалық жұмыстар арқылы географиялық және топографиялық карталармен жұмыс істей білу, тұрғылықты жердің планын құру және т.б. біліктілігі қалыптасады. Оқытудың бастапқы сатысында практикалық жұмыстар жалықтырушы сипатта болады. Жұмыстың күрделілігі біртіндеп өзгереді: оқушылар көп уақыт алмайтын күрделі тапсырмаларды орындауға көшеді. Тиісті дағдыларды меңгергеннен кейін оқушылар практикалық жұмысты өз бетімен жүргізулеріне болады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}