Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Пономарева Елизавета Ивановна"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
13:01, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы
Пономарева Елизавета Ивановна<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VII-том</ref> (30.8.1916 жылы туған, Ресей, Қазан губерниясы, Спасск қаласы) — ғалым, техникалық ғылымдар докторы (1972), профессор (1973), Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2004), Қазақстанның еңбегі сіңірген ғылыми қайраткері (1976). Орал химия-технологиялық институтын (1938, Свердловск қаласы) және Қазақстан ҒА Металлугия және кен байыту институтының аспирантурасын (1949) бітірген. Орал химреактивтер зауытында инженер (1938 — 39), Қазақ кен-металлургия институтында лаборант (1940 — 45), КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің химия-металлургия институтында ғылыми қызметкер (1945 — 46), металлургия және кен байыту институтында 1946 жылдан ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер. Негізгі ғылыми еңбектері сирек кездесетін металдардың физика-химиялық теориясына, күрделі кешенде ерітінділерден сирек металлдарды бөліп алудың электрхимиялық, сорбциялық және экстракциялық процестерін зерттеуге арналған. Кадмий, индий, таллий металдарын алу технологияларын жасап, өндіріске енгізген; Шымкент қорғасын зауытында қорғасын ерітінділерінен рений таза тұздарын алудың жаңа технологиясын жасап өндіріске енгізді (КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығын алды). 3 монография, 100-ден аса авторлық куәлік пен шет ел патенттерінің авторы. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған. Шығармалары: Металлургия осмия, А., 1981 (в соавт.); Электровыщелачивание халькогенидных материалов, А., 1983 (в соавт.); Процессы экстракции и сорбции в химической технологии галлия, А.-A., 1985 (в соавт.); Исследования в области гидрометаллургии цветных и редких металлов, А., 2002.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Пономарева Елизавета Ивановна|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}