Поляр шұғыласы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:34, 2014 ж. сәуірдің 22 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Поляр шұғыласыатмосфераның жоғарғы қабатының (50-ден 500-ге, тіпті 1000 км-ге дейін) жарқырауы. Ол анық шегі жоқ, бірқалыпты шашыранды түрде немесе доға, сәуле, ал кейде құрулы шымылдық тәріздес болып жарқырап көрінеді. Бұл катод түтігіндегі сирек ауаның жарқырауына ұқсайтын табиғат құбылысы. Электрондардың не Күннің өте күшті жарық шашқан уақытта көптеп шығатын катод сәулелерінің ағындары жер атмосферасына түседі де, атмосфераның жоғарғы қабатында полюстерге қарай ығысып, ауа бөлшектерімен қақтығысып, оларды жарқырауға әкеп соғады. Поляр шұғыласы көбінесе поляр аймағында болады, бірақ кейде оны төменгі ендіктерде, мысалы, Австралияда, тіпті кейбір тропиктік аралдарда да байқауға болады. Поляр шұғыласының географиялық таралуын изохазмамен (белгілеу сызығының көбірек қайталануымен) көрсетеді. Қайталанатын изохазма Азияның 75° с. е., Американың 70—60° с. е. жағаларымен, Гренландиядан оңтүстікке қарай 60° с. е. пен, Исландия аралы, Нордкап мүйісі арқылы өтеді. Бұл сызықтан екі полюске қарай поляр шұғыласы азаяды.

Дереккөздер

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Поляр шұғыласы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}