Поляр пагы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:35, 2014 ж. сәуірдің 22 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Пак, поляр пагы — мұхиттың поляр жағындағы жылжып жүретін көп жылдың мұз қабатының жиынтығы. Жазда пакты құрайтын мұздың қалыңдығы еруге байланысты жұқарады да, ал қыста жаңадан жауған қар мен судың қатуына байланысты ұлғаяды. Егер пак төменгі ендікке келіп еріп отырмаса, онда Солтүстік мұз мұхитын түгелімен мұз басқан болар еді. Оңтүстік жарты шарда пак мұхитпен тура шектесіп тұрғандықтан, мұхит ағысымен жылжып, төменгі ендікке барып ериді. Солтүстік жарты шарда пак Сибирь жағасынан Гренландия мен Шпицбергеннің арасындағы бұғаз арқылы жоғарғы ендікке дейін көтеріліп, одан әрі Оңтүстіккө қарай ығады. Жазда Солтүстік мұз мұхитында пак шетінде мұз алқаптары бірбірінен айрылып тұрады да; олардың аралығы теңіз кемелерінің солтүстікке қарай жылжуына мүмкіндік береді.

Дереккөздер

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Поляр пагы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}