Племянников Алексей Герасимович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:54, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Племянников Алексей Герасимович (1.3.1923, Ресей, Пенза облысы Сосновоборск ауданы Садомские Выселки дер. — 2003, Алматы) — ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1981), Қазақстанның еңбегін сіңірген ғылым қайраткері (1983). Кеңес Армиясының Әскери-малдәрігерлік академиясын бітірген (1946). 1948 — 50 ж. Жамбыл облысында малдәрігерлік, 1950 — 55 ж. Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биология институтында ғылым, 1955 — 58 ж. Алматы облысы Шелек ауданында, 1959 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ мал шаруашылығы технол. институтында қызмет атқарған. Негізгі ғылым еңбектері қой етін өндіру технологиясына арналған. Племянников бірқатар қой тұқымдарының еттілігін зерттеп, олардың сүйек, ет, май тіндерінің өсуіндегі заңдылықтарды ашты, қойды өнеркәсіптік негізде бордақылаудың жаңа технологиясын жасап (І.Медеубеков, Ғ.Құрманов, т.б. бірге) өндіріске енгізгені үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1974).

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Племянников Алексей Герасимович|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}