Писемский Алексей Феофилактович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:54, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Писемский Алексей Феофилактович <ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> -(1841, қазіргі Ресей, Кострома облысы, Раменье селосы – 1881, Мәскеу қаласы) – орыс жазушысы. Орыс географиялық қоғамының Каспий теңізінің табиғатымен, теңіз жағалай орналасқан елдердің тұрмыс-тіршілігімен танысу үшін ұйымдастырылған арнайы экспедиция құрамында Петербург ғылым академиясының бір топ ғалымдарымен бірге Писемский де болған. Экспедиция Астрахань қаласында ұйымдасып, Баку қаласында, содан кейін Маңғыстаудың Түпқараған түбегінде, қайтар жолда Құлалы, Тулен аралдарына тоқтаған. Писемский өз шығармасында Түпқараған түбегіне патша жарлығымен келіп орналасқан орыс мұжықтарының, жергілікті тұрғындардың ауыр тұрмыстарын, Маңғыстаудың қатал табиғаты мен сол кездегі саяси ахуалын қоса суреттеген. Түлен аралындағы жазда жағада, қыста мұз үстіне шығатын итбалық аулаудың қауіптілігін суреттеп, теңіз балықшыларының ауыр тұрмысын бейнеледі. <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Писемский Алексей Феофилактович|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}