Петр Иванович Кеппен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:18, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Петр Иванович Кеппен (17931864) – Қазақстанды зерттеуші орыс ғалымы, Санкт-Петербург ғылым академиясының академигі (1843). Харьков университетін бітірген (1914). 1827 жылға дейін халық ағарту әкімш-нде қызмет істеді, кейін Ресей империясының Ішкі істер министрлігіне қызметке ауысты. 1837 жылдан оның ғылыми қызметі Санкт-Петербург ҒА-мен тығыз байланысты болды.

Еңбектері

П.П.Семенов Тян-Шанскийдің редакциясымен жарық көрген «Ресей империясының географиялық-статистикалық сөздігін» (СПб., 1863–1883, 1–5-т.) даярлауға қатысты. Кеппен – қазақ халқы туралы, олардың бөлінуі, мекенжайы, саны туралы мәліметтер қамтылған «Тоғызыншы ревизия» аталатын ірі монографияның авторы. Құнды, хронологиялық «Еуропалық Ресей бұратаналарының тарихына арналған материалдар көрсеткішін» құрастырды. Онда қазақ халқының 15671809 жылдары тарихына қатысты маңызды оқиғалар баяндалады. Кеппен «Библиографиялық беттер» (1825–26) атты Ресейдегі алғашқы библиографиялық журналды шығарды, археология, филология саласына қатысты еңбектер жазды.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Петр Иванович Кеппен|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}