Петру Гроза

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:10, 2016 ж. мамырдың 4 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Петру Гроза (Үлгі:Lang-ro; 7 желтоқсан 1884 — 7 қаңтар 1958) – Румынияның саяси әрі мемлекет қайраткері, құқық директоры. 1921-1922 және 1926-1927 жылы румын үкіметтерінде минстр. 1927 жылы реакцияшыл «Халық партиясымен» байланыс үзіліп, Румынияны гитлершіл Германияның қол шоқпарына айналдыруға қарсы күреске қатысқан «Диқаншылар майданы» атты демократиялық шаруалар одағын басқарды. 1943-1944 жылы антифашистік қызметтері үшін бірнеше рет қамауға алынып, тұтқын легерлерінде отырды. Румыниядағы әскери-фашистік диктатура құлатылғаннан кейін(1944 жылы тамыз), Гроза Ұлттық-демократиялық майданының жұмысына белсене қатысты. 1944 жылы қарашадан 1945 жылы ақпан дейін коалициялық үкіметтерде премьер-министирдің орынбасары қызметін атқарып, реакцияға қарсы күресті. 1945 жылы наурызда Румынияның демократиялық күштерінің үкіметін басқарды. Монархия жойылып, Румын халық республикасы жарияланғаннан бастап(1947 жылы 30 желтоқсан) 1952 жылы маусымға дейін Минстр Советінің председателі, Ұлы Ұлттық жиналыс Президиумының председательі(1952-1958) болды.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы,3 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер