Періште (Ислам)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:17, 2014 ж. сәуірдің 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Иман негіздері Періште (көпше: Үлгі:Lang-ar малайкат; жекеше: Үлгі:Lang-ar малайка) — Аллаһ тағала нұрдан жаратқан құлдары: Үлгі:Quotation

Періштелер

Періштелерде жыныс болмайды. Ұйықтау, шаршау, тамақ ішу, қателесу, ұмыту дегенді білмейді. Күнә, кемшіліктен пәк, Құдайдың әмірін мүлтіксіз орындайды, аманатқа өте бекем. Жәбірейіл, Микәйіл, Әзірейіл атты періштелердің әрқайсысына жүктелген қызметтері бар. Құран Кәрімнің Тахрим сүресінің 6-аятында «Алланың әміріне олар қарсы келмейді, бұйырғанын ғана істейді» деп періштелердің негізгі қасиетін баяндайды. Періштелер аспан әлемінде өмір сүреді. Жерге тек Аллаһтың әмірімен түседі. Жәбірейіл періште пайғамбарларға, Мәриямға ер адам кейпінде келіп тілдесіп, Аллаһтың аманатын жеткізген. Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Салауат Періштенің суретін Құран аяттары алғаш түскенде және Миғражға көтерілгенде көрген. Періштелер адамзатқа екі дүниеде: бұл дүние, ақыретте және рухани әлемде бірдей қызмет атқарады. Бұл дүниедегі қызметі: жаңбыр жаудыру, жел тұрғызу, апат, аурулардан қорғау, мұсылмандар құлшылығына, істеген жақсылықтарына куә болу, оларды амал кітабына жазу, мұсылмандарға, ғылым үйренушілерге дұға тілеу, жан алу. Ақыреттегі істері: жан бергеннен сауал алу, жәннат не тозаққа кіргізу, сүр үрлеу, тозақ қақпаларын күзету, жәннатқа кіргендерге қызмет қылу, амал кітабындағы істерге куә болу, момындардың қателіктері мен күнәларына кешірім тілеу.Ислам дінінде Періштелерге сену — иман шарттарының бірі.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Islam-stub