Пачкина Любовь Ивановна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:51, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Пачкина Любовь Ивановна (2.5.1919 жылы т., Ресей Федерациясы, Саратов облысы Баландин ауданы Новые Выселки с.) — ғалым-топырақтанушы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1950). 1942 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1946 — 94 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Топырақтану институт ында (аспирант, аға, жетекші ғылыми қызметкер) еңбек етті. Негізгі ғылыми еңбектері топырақ мелиорациясы, суармалы егіншілік, топырақтану мәселелеріне арналған. Ұзақ жылдар бойы жүргізген ғылыми жұмыстарының барысында Көкше өңірінің топырағын, Жайық өзенінің төменгі ағысындағы тұзды топырақтың құрамындағы су-тұз режимін, Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы жерлерді зерттеп, сол алаптар топырағының суармалы егіншілікке жарамды жерлерін анықтады. “Суармалы егіншілікті негіздеу үшін топырақты мелиоративтік бағалаудың ғылым негіздері” деген ғылым еңбегі үшін бір топ ғалымдармен бірге П-ға да Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын берілді (1984). “Құрмет белгісі” орденімен, медальдармен марапатталған.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Пачкина Любовь Ивановна|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}