Парыз (жантану)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:06, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Парыз — адамның ел-жұрт, мемлекет пен қоғам алдындағы борышын білдіретін әдептік ұғым. Парыздың әр заманда, әр дәуірде тарихи-қоғамдық жағдайға орай анықталып түрленеді және толықтырылады. Парыз адамның бейімділігі мен белсенділігіне, сезімталдығы мен естілігіне байланысты. Сондықтан оны адам болмысы мен мүддесінен, туған ел тұрмысы мен туған жер қажетінен бөліп қарауға болмайды. Парыз дүниетанымдық бағдармен ұласып, астарласып жатады. Өйткені, парыз өмірдің қажеттілігін растау, құндылығын көбейту ынтасынан туындайды, адамның қоғамдық болмыстағы орнын жалғастыру қажетін қуаттайды. Парыз:

  • 1) адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың ұрпақтық мән-жайын іріктейді;
  • 2) адамның адамға қамқорлығын, жағымды әдеп пен адал еңбек ету үлгісін сақтайды, жастардың үлкендер мен Отан алдындағы перзенттік қарызын, азаматтық міндетін тиянақты орындауға жұмылдырады;
  • 3)адамның жақсы қасиетін орнықтыруға ұлтаралық қатынастың тиімді түрлеріне қызмет еткізеді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}