Парапсихология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:06, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Парапсихология<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>(Үлгі:Lang-el – маңында, төңірегінде және психология) – психологияның адамның мінез-құлықтарындағы гипноз, елестету сияқты айрықша құбылыстарды зерттейтін саласы.

Парапсихологияның синонимі ретінде психотроника ұғымы қолданылады.Парапсихологияға эксрасенсорлық қабылдау, телепатия, яғни алыстағы адам туралы белгілі бір ақпарат игеруге қабілеттілік, болашақты жорамалдау, көріпкелдік, құмалақшылық, т.б. жатады. Парапсихология экстрасенсорлық қабылдау, телепатия, түс көру сияқты табиғаты айқындалмаған, функционалдық қызметі тиянақсыз психикалық құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтығы ретінде көрінеді.

Парапсихологиялық көріністер 19-ғасырдың соңғы ширегінен арнайы ғылыми нысан ретінде зерттеле бастады.1980–1890 жылдары Батыс Еуропа елдерінің ғалымдары Парапсихологиялық құбылыстарды зерттеумен шұғылдана бастады. Пси-феномендердің нақтылығын дәлелдеу емес, аномалды деп аталатын құбылыстарды зерттеу мақсатында Парапсихология қауымдастығы ұйымдастырылды. Психология ғылымының бір саласы ретінде Германия мен АҚШ-та – gарапсихология, Францияда – метапсихика, КСРО-да – биоинформатика, т.б. атаумен одан әрі дамыды. Парапсихологияда гипноз арқылы өткізілген зерттеулер маңызды орын алады. Орыс ғалымы Л.Васильев гипноз бен экстрасенсорлық қабылдау арасында мәнді байланыстар орнатты. Ғалымдардың көп жылғы ізденістері гипноздың, идеомоторлық актілердің, субсенсорлық қабылдаудың, таңғажайып естің, есеп шығарудағы дарынды қабілеттің психологиялық заңдылықтарын танып-білуге ұйтқы болды. Дегенмен, Парапсихология қарастыратын құбылыстардың ерекше сипаты осы уақытқа дейін мамандар арасында бірде қызу айтыс-тартыс, бірде ашық күмән туғызуда.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}