Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Палау (тағам)"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

17:48, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Мағына

Палау — тағам.

Палауды майға пиязды қыздырып, мал етін (көбіне қой етін), сәбіз қосып, күріш салып бұқтырып әзірлейді. Оған кейде өрік немесе мейіз де қосылады. Ет қосылмай, мейіз салып пісірген түрін тәтті палау деп те атайды. Палау түркі халықтарының (әсіресе өзбектердің) арасында кеңінен тараған.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, V-том</ref>

"Шалқан" палауы

"Шалқан" палауы – жуылған күрішті тұздалған суық суға салып (1 л суға 100 г тұз) 2 сағат ұстайды. Етті 25—30 г кубиктерге бөледі, майға қызарғанша қуырады, одан соң тұздайды, кесілген бас жуа қосып тағы да 5 мин қуырады. Оған ұзындап кесілген тұрма салады, күріш себеді, 1:1,5 есебінде ыстық су немесе сорпа құяды да, нығыздалып жабылған ыдыста баяу отта пісіреді. Үстелге әкелер кезде, маринадталған қиярлармен, балдыркөктермен безендіреді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1</ref>

Дереккөздер

<references/>