Павлодарлық Ертіс өңірінің тарихы сұлбалар мен кестелерде (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:58, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Павлодарлық Ертіс өңірінің тарихы сұлбалар мен кестелерде - анықтамалық кітап. Павлодар мемлекеттік университетінің баспасынан 2003 жылы орыс тілінде жарық көрген. Авторлары: Е.Арын, А.Нұхұлы, Т.Еңсебаев. Еңбекте көрсетілген 34 сұлба мен 59 кестеде павлодарлық Ертіс өңірінің 18-20 ғасырлардағы тарихын баяндайтын материалдар, оның әкімшілік-аумақтық бөлінісі, халқы мен елді мекендері, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық, ғылым мен білім беру ісі, мәдениеті мен өнері, өлкенің атақты адамдары туралы мәліметтер берілген.

Сондай-ақ облыстағы 9 ауданның және Екібастұз қаласының ауылдық аумағының карталары қамтылған. «Қазақ КСР Ғылым Академиясының және ҚР Ғылым Академиясының академиктері» кестесінде облыстан шыққан академик Қаныш Сәтбаев бастаған 12 академиктің тізімі берілген. Кітап туған өлке тарихы қызықтыратын мектеп оқушыларына, студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға және көпшілік оқырманға арналған. Көлемі 10 баспа табақ, таралымы 500 дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Павлодарлық Ертіс өңірінің тарихы сұлбалар мен кестелерде (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}