Павел Яковлевич Зальцман

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:22, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Zaltsman.jpg
Павел Яковлевич Зальцман

Павел Яковлевич Зальцман (2 қаңтар 1912 жыл, Кишинёв, Бессараб губерниясы — 20 желтоқсан 1985 Алматы) — кеңес дәуірі суретші, кескінші, жазушы. Аналитикалық өнер деп аталатын ағымның өкілі, П.Н. Филоновтың шәкірті, кейде «соңғы филоншыл» аталған. Қазақ КСР еңбегі сіңген өнер қайраткері.

Өмірбаяны

Павел Зальцман Кишинёвте (қазіргі Чишинеу) патша офицерінің әулетінде туған. Балалық шағы сол қалада өткен, Азаматтық соғыс аяқталғасын жанұямен бірге Рыбницаға көшкен, сосың Одессада тұрып, 1925 ж. Ленинградта мекенденген.

Ленинград кезеңі

Ленинградтағы Өнерлер бірінші мемлекетттік студиясынның декоратор бөлімінде дәріс алған, сонымен бірге Өнер тарихы мемлекеттік институтында тәмамданған. 1920 жж. Ленинградтағы басылған «Резец», «Перелом», «Стройка», «Юный пролетарий» деген журналдарында суретпен безендірушы болып істей бастаған.

1929 ж. П.Н. Филоновпен танысып жолын ұстаушыға айналған, 1930 ж. «Аналитикалық өнер шеберлері мектебі» деген тобына қатыса бастады, сонымен бірге ЛОСХ (КСРО суреткер одағы Ленинград бөлімі) мүшесі болды.

1930 жж. Зальцман Филоновтың басқа шәкірттерімен бірге финндердің «Калевала» (1932) дәстүрлі дастанына суретттеу дайындады, сол кезде портрет жасауға айрықша бейімділігін көрсетті.

Сурет:ZaltsmanAvtoportret2.jpg
Кескінді өз портреті

1931 ж. А.А. Арапов басқарушылығымен Ленфильм киностудиясында жұмыс істей бастады, суреткер-қоюшы болып бірнеше филмдерге қатысқан: Васильев ағайындылардың («Дербес іс», 1932), Илья Траубергтің («Жеке жағдай», 1934), Эдуард Иогансонның («Демалыста», 1936) және Александр Ивановтың («Шекарада», 1938).

Алматы кезеңі

Ленинград блокадасы зардаптарын кешіп, 1943 ж. Қазақстанға эвакуацияға көшірлді. Алматыдағы соғыс кезіндегі болған ЦОКС (Біріккен орталық киностудиясына) орналастырылған. Ұлы Отан соғысы біткесін Алматыда қалған, талай жыл Қазақфилм киностудиясында суреткер-қоюшы (1955 ж. — студияның бас суреткері) болып жұмыс атқарған.

Шәкен Аймановтың бірқатар кинокөріністерінің режиссёр-қоюшысы болған: «Ақ әтіргүл» (1943), «Дала қызы» (1954), «Махаббат туралы дастан» (1954) және «Жол түйісі» (1963); Ефим Арондың «Алтын керней» (1948) және «Ботагөз» (1958); Павел Боголюбовтың «Қыз-жігіт» (1955) т.б.

1948 ж. бастап өнер тарихы пәнінен Алматыда сабақ беріп жүрді: өнер мектебі, Сәулет академиясы, педагогиқалық институт, Қазақ университетінің филология факультеті және Қазақфилм студиясының сценарий курсы.

Зальцман соғыстан соңғы шығармашылығы екі тақырыпқа зейін болды: Бессарабиядағы жебірей кенттерін еске салатын кескіндеу топтамалары және өзіне замандас қазақ ықпалына негізделінген портреттер салу.

Өнер шығармашлығы мұрасы

Зальцманның кескіндері мен сұңғаттары Орыс мемлекеттік мұражайы, Третьяков қоймасы, А.С. Пушкин атындағы Бейнелеу өнерлері мемлекеттік мұражайы оймыш кәбинеті, Шығыс халықтар өнері мұражайы, Қазақтың өнерлер мемлекеттік мұражайы және дербес жинақтамаларында сақталады.

Әдебиет шығармашылығы

Өлең мен қарасөз жазуды 1930 жж. Обэриутттер ықпалына түсіп Ленинградта бастаған. Бірақ әдебиет мұрасы тек өзі дүние өтегесін Исраел (Зальцманның әулеті көшіп кеткен) мен Ресей баспасөздерінде жарық көрді. Алматы кезеңінде жазылған «Мадам Ф.» таңдамалы хикаялар мен әңгімелер<ref>Хикаялар мен әңгәімелер</ref> және өлеңдер<ref>Өлеңдер</ref> кітабы 2003 ж. Мәскеу «Лира» баспасөзінде шықты.

Кітаптары

  • Калевала (Зальцман т.б. суреттеулері). Academia: Ленинград, 1933.
  • Альбом (өңдетуші — Баян Барманқұлова). Өнер: Алматы, 1983.
  • Дербес көрме тізімдемесі. Қарағанды, 1983.
  • Альбом (өңдетуші — Баян Барманқұлова). Қарағанды, 1989.
  • Pawel Zaltsman. Katalog der Ausstellung im Maison des Vaches: IZBA Verlag: Blankenheim, 1998.
  • «Мадам Ф.» Лира: Мәскеу, 2003.

Түсініктемелер

<references/>

Сыртқы сілтемелері