ППС-43

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:17, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

ППС-43 - Кеңес одағының конструктор-қарушы Алексей Судаев 1942 жылы жасап шығарған тапанша-пулеметінің бір нұсқасы. Кеңес одағынының әскері Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде пайдаланылған,

1943 жылдан бастап, Қызыл армия ППС-43 деп аталатын Судаев тапанша-пулеметтерімен қамсыздандырылып тұрды. Жаңа, біршама жетілдірілген қару сол кезде Қызыл армияның негізгі атқыштар қару-жарағы болған және соғыс аяқталғанша солай болып қала берген (ППШ 1945 жылға дейін шығарылды) Шпагин тапанша-пулеметтерін (ППШ) бірте-бірте алмастыра бастады.

Шпагин тапанша-пулеметтері өзінің ерекше сипаттамасына қарамастан, едәуір ауыр әрі қолайсыз болды, ал барлаушыларға, десантшыларға, соғыс машинасы экипаждарына техникалық сипаттамасы жағынан біршама жеңіл және шағын қару-жарақ қажет болды. Нәтижесінде 1942 жылы ұйымдастырылған байқаудан соң, Алексей Судаев ұсынған үлгі үздік деп танылып, сол жылдың аяғында Қызыл Армия қарулары қатарына енгізілді. Азғантай кемшіліктерді жойғаннан кейін, ППС Ленинградтағы Сестрорецк қару-жарақ зауытында жаппай шығарыла бастады.

Түрлері

Сурет:Pm 43 52.jpg
PPS wz.1943/1952
  • m/44
  • «PPS wz.1943/1952»
  • «Тип 54»

Жалпы анықтама

Қару жайлы анықтама, см<ref name="NSD">7,62 мм-лік автомат (тапанша-пулемет) 1943 жыл.</ref>:
Ұзындығы, м Биітігі, см Ені, см
жалғыз қысқа жалғыз қысқа
50 10 15 10 14
100 20 30 20 27
150 31 45 30 40
200 42 60 40 50
250 53 75 50 66
300 64 90 60 80

Тарихы

1942-1951 жылдар аралығында КСРО-да Судаев тапанша-пулеметтерінің жарты миллион данасы шығарылды. Кеңес Одағынан бөлек, ППС Польшада, Солтүстік Кореяда, Қытайда және Финляндияда жасалынды.

Қару-жарақ саласындағы көптеген мамандар Судаев тапанша-пулеметінің 1943 жылғы үлгісін Екінші Дүниежүзілік Соғысындағы ең үздік тапанша-пулемет деп есептейді. ППС сонымен қатар, Корея және Қытай соғысында белсенді түрде қолданылды.

Қаруды қолданушы елдер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы Сілтемелер

Үлгі:Commonscat