Оңды ауылдық округі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:03, 2016 ж. тамыздың 10 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Әкімшілік бірлік-Қазақстан

Оңды ауылдық округіМаңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Оңды, Басқұдық, Бекі ауылдары кіреді. Орталығы – Оңды ауылы.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, Х том</ref>

Тарихы

Ауылдық округ Маңғыстау ауданы әкімінің 03.03.1993 ж. №43 шешімі бойынша құрылған.Үлгі:Citation needed

Округ құрамы

Округ құрамына үш елді мекен кіреді:

Халқы

Тұрғыны:

Ауылдағы статистикалық есеп бойынша Онды селосы округінде барлығы 234 отбасында 1555 халық тұрады. Оның ішінде 776 сайлаушы бар. Селолық округ бойынша халықтыңтың экономикалық белсенді бөлігі 577 адам, оның 548 жалдамалы қызметкерлер, оның 178-і өндірісте жасайды. 51 өз бетімен жұмыспен қамтылғандар, 81 –і 3 жасқа дейінгі бала күтімінде отырғандар, 34 жұмыссыздар, 3 ресми тіркелген жұмыс іздеушілер бар. Ауылда жоғарғы, арнаулы орта оқу орындарында оқитын 98 студент бар.

Білім беру саласы

Қазіргі кезде ауыл округінде бір орта мектеп, бір бастауыш мектеп бар. Оңды орта мектебінде 247 бала және Бекі бастауыш мектебінде 41 бала білім алуда.

Ауыл округінде екі балабақша бар. Оңдыдағы «Құлыншақ» бала бақшасында екі топ бар. Әр топта 25 баладан 50 бала мектепке дейінгі тәрбие алып жатыр. Бекі ауылында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу үшін 26 орындық «Қарлығаш» шағын орталығы жұмыс жасап тұр. Онда қазір 16 бала мектепке дейінгі тәрбиені алып жатыр.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл округі аумағында ауыл шаруашылығы біршама деңгейде дамыды. Ауыл тұрғындары мен жеке қожалықтардағы мал басы 2013 жылмен салыстырғанда сиыр 562 бастан 781 басқа, қой- ешкі 10900 бастан 13894 басқа, жылқы 1410 бастан 1993 басқа, түйе 1472 бастан 1763 басқа көбейді. Ауыл округі аумағынан, Үстірттен 3 жеке кәсіпкер 3200 т табиғи мал азығын дайындады

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Маңғыстау ауданы ауылдық округтері