Оқас Нақысбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:51, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Оқас Нақысбеков (6. 12. 1928 жылы туған Алматы облысы, Шелек ауданы, Қазақстан ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылымы докторы. Түрген педучилищесін бітірген (1945). 1945-1947 ж. Шелек ауданы бастауыш мектебінің мұғалімі. 1947-1951 ж. Абай атындағы Алматы педагогикалық институтында оқыды. 1951 жылдан бастап ҚР ҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында алғаш кіші, одан соң аға, жетекші, ал, қазір бас ғылымы қызметкер. 1954-1957 ж. осы институттың аспиранты. 1963 ж. "Шу бойы қазақтарының тіл ерекшеліктері" деген тақырыпта кандидаттық (академик I. Кеңесбаевтың жетекшілігімен), "Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Көптеген диалектологиялық экспедицияларға қатысып, Қазақстандағы облыстарды түгел аралап, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қарақалпақстанда және Ресейдің Волгоград, Астрахань, Орынбор, Омбы облыстары мен Монғолиядағы Баян-Өлгий қазақтары тілін зер- ттеп, қазақ тіліне, ауыз әдебиетіне байланыс- ты материал жинады. Лексиког. саласында қазақ тілінің диалектол., түсіндірме, "Үлкен орысша-қазақша" және "Қазақша-орысша" қалта сөздіктерін құрастыруға қатысты. Сонымен бірге "Қазақ тілінің диалектологиялық атласы" мен "Түркі тілдерінің диалектологиялық атласын" және "Европаның лингвистикалық атласын" жасаушылардың бірі. "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін.", "Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 — 1945 жж." медальдарымен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің және ҚазКСР ҒА грамоталарымен марапатталған.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Шығармалары:

  • Языковые особенности казахов Чуйской долины. АКД., А., 1963;
  • Қазақ диалектологиясы — практикум. А., 1963 (авторлардың бірі);
  • Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. А., 1969 (авторлардың бірі);
  • Қазақ тілінің ауыспалы говоры. А., 1972;
  • Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. А., 1982;
  • Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. А., 1989 (авторлардың бірі);
  • Қазақ тіліндегі аймақтық ерекшеліктер. А., 1990 (авторлардың бірі);
  • Краткий русско-казахский словарь А., 1993 (құрастырушылырдың бірі);
  • Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. ДДА., А., 1994;
  • Қазақша-орысша қалта сөздігі (3. Жантекеевамен бірігіп жазылған). 1997.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}