Оқаев Қаби Оқаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

23:08, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Өмірбаяны

Оқаев Қаби Оқаұлы (2.9. 1929 жылы туған, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Утеры кенті) – экономист-ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1975), профессор (1978).<ref>Қазақ энциклопедиясы 7- том,Эффект технического перевооружения, А.-А., 1988;Экономика промышленного предприятия (соавт.), А., 1994; Предпринимательство в Республике Казахстан (соавт.), А., 1999.С.Тоқсанбай</ref> Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1995). ҚазМУ-ды бітірген (1959). 1959 – 63 жылдары ҚазМУ-дың экономика факультетінде оқытушы, аға оқытушы, 1963 – 75 жылы Алматы халық шаруашылық институтында доцент, факультет деканы, 1975 жылдан осы институтта (2001 жылдан Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті) кафедра меңгерушісі. Оқаев өнеркәсіптегі негізгі қорлардың ұдайы өндірісі, шаруашылық есеп қатынастарын, экономиканы басқарудың шаруашылық тетігін жетілдірудің экономика заңдылықтарын зерттеумен айналысып, осы салалар бойынша Қазақстанда ғылыми мектепті қалыптастырды. 200-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрді, оның 18-і монография, оқулық кітаптар, оқу құралдары. Оқаевтың өнеркәсіп саласындағы ұсыныстары мен әдістемелері Қазақстанның машина жасау, түсті металлургия, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс ұйымдарында енгізілді. “Құрмет белгісі” орденімен (1986), медальдармен марапатталған.

Ішкі сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оқаев Қаби Оқаұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}