Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "От жалыны шебінде (көрме)"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

2011 жылғы 3 ақпанда мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы ғимаратында «От жалыны шебінде» көрмесі ашылды. «От жалыны шебінде» атты көрме И.И.Ильичевтің бірегей коллекциясын назарға ұсынады. Қазақстандағы ең ірі коллекцияны автор ширек ғасырдан астам уақыт бойы жинаған 1000 бұйым: оттан қорғайтын каскалар мен дулығалар, киімдер, белгішелер мен шеврондар, автомобильдердің үлгілері мен галстуктерге арналған қыстырмалар, пошта маркалары мен сіреңке этикетикалары, сантүрлі кәдесыйлар мен басқа да көптеген бүйымдар өртке қарсы күрес тақырыбын ашады және өрт сөндірушілердің ерен еңбегін паш етеді.

Игорь Иванович Ильичев Алтай өлкесінде дүниеге келген, Алматы өрт сөндіру-техникалық училищесін бітірген. Өскемен қаласының № 29 өрт сөндіру бөлімінде 25 жылдан астам уақыт қызмет еткен. Өртке қарсы қызмет полковнигі И.И. Ильичев қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндіру- құтқару спорты құрамасының жаттықтырушысы. Өртке қарсы күрес тақырыбы әлемнің әр елі үшін өте маңызды. И.Ильичевтің өрт сөндіру ісі жайындағы бұйымдар коллекциясы жер шарының барлық континенттерінен жиналған, олардың ең таңдаулылары көрмеге қойылып, алғаш рет көпшіліктің назарына ұсынылуда.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА