Османлы түрік тілі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:25, 2016 ж. желтоқсанның 23 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Тілдер

Османлы тілі (Үлгі:Lang-ota3) — Ұлы Османлы Мемлекетінің әкімшілік және әдеби тілі ретінде қолданылған тіл. Оның құрамында араб және парсы тілдерінен енген кірме сөздердің саны өте қомақты. Соның салдарынан османлы тілі елдің білім деңгейі төменірек азаматтарына онша түсінікті болмады. Алайда біртіндеп түрік сөйлеу тілі османлы түрікшесінің қатты ықпалына шалдықты.

Құрылымы

Османлы тіліндегі арабшадан енген сөздер оған тікелей арабшадан емес, парсы тілі арқылы енгені сол сөздердің фонологиялық қасиеттерінен көрінеді. Яғни араб сөздерін көптеп сіңірген парсы тілі түркі тайпаларының түркі тіліне олар солтүстік-шығыс Иранда көшіп жүрген кезінде, олардың батысқа, қазіргі Анатолия түбегіне қарай көшуінен бұрынғы кезеңде әсер еткен. Араб тілімен қатынастары азырақ түркі тілдерінде, мысалы татар тіліндегі араб сөздерінде парсы фонетикасының ықпалы байқалатындығы осының тағы бір дәлелі бола алады.

Әлеуметтік және прагматикалық мағынада османлы түрікшесін мына үш түрге бөлуге болады:

  • Fasih Türkçe (әдеби түрікше): әкімшілік пен поэзия тілі.
  • Orta Türkçe (орта түрікше): жоғарғы таптар мен сауда-саттықтың тілі.
  • Kaba Türkçe (қарапайым түрікше): төменгі таптардың тілі.

Түрік тілін қолданушы осы варианттардың әрқайсысын түрлі мақсаттарда қолданылатын. Мысалы, хатшы болып істейтін адам ресми құжат жазғанда бал деген ұғымды білдіру үшін арабтың asel (عسل) сөзін қолданатын да, сол балды базарда сатып алғанда түріктің bal сөзін қолданатын.

Тарихы

Османлы тілінің тарихын үш кезеңге бөлуге болады

  • Eski Osmanlı Türkçesi (Ескі османлы түрікшесі): XVI ғасырға дейін қолданылған. Ол салжұқтар және Анадолы түрік бейліктері қолданған түрік тіліне өте жақын. Оларды біріктіріп кейде Eski Anadolu Türkçesi (Ескі Анадолы түрікшесі) деп атайды.
  • Orta Osmanlı Türkçesi (Орта османлы түрікшесі) немесе Klasik Osmanlıca (Классикалық османлыша): XVI ғасырдан бастап Танзимат жаңартуларына дейін қолданыста болған әдебиет және әкімшілік тілі. Османлы тілі дегенде көпшілік жағдайда осы кезеңнің тілі туралы сөз болады.
  • Yeni Osmanlı Türkçesi (Жаңа османлы түрікшесі): мерзімді баспа және батысшыл әдебиеттің ықпалымен 1850 жылдан бастап XX ғасырға дейін қалыптасты.

Тіл жаңартпасы

Ұлы Османлы Мемлекеті Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін құлағаннан кейін және Түрік Республикасы орнағаннан кейін 1928 жылы тіл жаңартпасы жүргізіліп, тілдегі көптеген араб және парсы кірме сөздері түрік баламаларымен алмастырылды. Араб әліпбиінің орнына толықтырылған латын әліпбиі енгізілді. Бұл реформа Мұстафа Кемал Ататүрік жүргізген жаңартулардың бір бөлігі болатын. Бұл өзгерістердің басты мақсаты — әдеби түрік тілінің ауызекі тілге жақынырақ түрін қалыптастырып, Түркияның Ұлы Османлы Мемлекетінің орнына пайда болған ұлттық мемлекет ретіндегі сана-сезімін баянды ету болды.

Төменде түрік тіліндегі алмастырылған сөздердің тізімінен алынған үш мысал келтірілген. Османлы түрікшесіндегі үш парсы сөзінің қазіргі түрікшеде қандай сөздермен алмастырылғаны көрсетілген:

Қазақша Османлыша Қазіргі түрікше
уәзипа Үлгі:Lang vâcib zorunlu
мүшкіл Үлгі:Lang müşkül güçlük, zorluk
шаһар Үлгі:Lang şehir şehir

Тарихи ықпалы

Тарихи тұрғыдан алғанда, османлы түрікшесін қазіргі түрік тілінің ізашары деп атау дұрыс емес. Керісінше, қазіргі түрік тілін латын әліпбиімен жазылатын, көптеген неологизмдер енгізілген «жаңа османлы түрікшесі» деп атауға болады. Османлы түрікшесі мен қазіргі түрік тіліндегі ең басты айырмашылық — қазіргі тілде араб және парсы тілдерінің ережелері бойынша құрама сөздер жасалмайды. Ондай сөздер тілде әлі де бар, бірақ олардың қолданылу аясы шектеулі; тек ғылыми, философиялық немесе діни контекстерде ғана қолданылады. Мысалы сөзбе-сөз аударғанда «құдайлық тағдыр» дегенді, ал мағынасы «құдайдың жазмышы» дегенді білдіретін takdîr-i ilâhî деген изафет құрылымы қазір де қолданылады. Егер осы сөз тіркесін қазіргі түрік тілінің ережелерімен құрастырғанда, ол ilâhî takdîr («құдайлық жазмыш») деген түрде болар еді.

Әліпби

Үлгі:Main Османлы түрікшесі негізінен Османлы түрік тілінің әліпбиімен (الفبا elifbâ) жазылатын. Ол әліпби парсы әліпбиінің ықпалына ұшыраған араб әліпбиінің бір түрі болатын. Бірақ османлы түрікшесінің армен жазуымен жазылған кездері де болған: мысалы, Османлы империясында жазылған алғашқы роман «Акаби романын» 1851 жылы Вартан паша армен әріптерімен жазған. Сол сияқты, I Әбділмәжит кезінде османлының теңгесін соғумен айналысқан армен ұлтынан шыққан Дүзұлылар әулеті өз жазбаларын османлы түрікшесінде, бірақ әрмен әліпбиімен жүргізген. Басқа жазу жүйелері де қолданылған, мысалы грек әліпбиін, еврей әліпбиінің Раши хатын мұсылман-емес топтар қолданған, себебі араб әліпбиі Ислам дінімен байланысты болған. Керісінше жағдайлар да болған. Мысалы, грекше сөйлейтін мұсылмандар османлы түрік әліпбиін қолданып, грек тілінде жаза алатын болған.

Сөздегі орны бойынша жазылу түрлері Аты ALA-LC
траслитерациясы
қазіргі
түрікшеде
дара аяғында ортада басында
Үлгі:Lang Үлгі:Lang elif a, â a, e
Үлгі:Lang hemze Үлгі:Unicode ', a, e, i, u, ü
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang be b, p b
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang pe p p
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang te t t
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang se s s
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang cim c, ç c
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang çim ç ç
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang ha Үлгі:Unicode h
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Unicode h
Үлгі:Lang Үлгі:Lang dal d d
Үлгі:Lang Үлгі:Lang zel z z
Үлгі:Lang Үлгі:Lang re r r
Үлгі:Lang Үлгі:Lang ze z z
Үлгі:Lang Үлгі:Lang je j j
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang sin s s
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang şın ş ş
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang sat, sad Үлгі:Unicode s
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang dat, dad ż, Үлгі:Unicode d, z
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Unicode t
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Unicode z
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang ayın Үлгі:Unicode ', h
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang gayın ġ g, ğ
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang fe f f
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang kaf Үлгі:Unicode k
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang kef k, g, ñ k, g, ğ, n
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang gef¹ g g, ğ
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang nef, sağır kef ñ n
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang lam l l
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang mim m m
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang nun n n
Үлгі:Lang Үлгі:Lang vav v, o, ô, ö, u, û, ü v, o, ö, u, ü
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang he h, e, a h, e, a
Үлгі:Lang Үлгі:Lang lamelif la
Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang Үлгі:Lang ye y, ı, i, î y, ı, i

1gef әрпінің дұрыс түрінде ﻙ-ның кіші кафы және گ-ның қосарланған сызығы болуы тиіс. Қазіргі қаріптерде сирек кехздеседі.

Османлы түрік тілін үйрену мүмкіндіктері осында тізіп жатуға тым көп. Мұнда солардың ең бастылары келтірілген.

Османлы түрік тілін үйрену мүмкіндіктері

Бүгіндері дүние жүзінде Османлы түрік әдебиетінің мыңдаған курстары ұсынылады. Тарихи маңызы зор классикалық тіл ретінде османылы түрікшесін Түркияның жалғыз өзінде отыз мыңнан астам студент зерттеуде [1].

Түркия университеттеріндегі курстар

Ғаламтордағы курстар

Ғаламтордағы османлы түрік ресурстары

Османлы-түрік сөздіктері мен құралдары

Тағы қараңыз

Әдебиеттер

Түсініктемелер

Үлгі:Reflist

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Алтай тілдері Үлгі:Түркі тілдері

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}