Орынбай Тайманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:23, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Орынбай Тайманов (1884, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы1946, Төле би ауданы) – ақын.


Жасынан ел аралап, өлең-жыр айтып, айтыстарға қатысқан. Ноғайлы дәуірінің батыры Жәнібектің жорықтарын баяндайтын “Жәнібек батыр” дастаны бар. Соғыс кезінде дүниеге келген отансүйгіштік тақырыбындағы туындылары ел арасына кең тараған. Өлең-жырлары, толғау-термелері 20 ғасырдың 30-жылдарынан мерзімді баспасөзде жарияланып тұрды. П.Кузнецов орыс тіліне аударған Таймановтың “Домбыра” атты жыры “Правда” (1936, 18 мамыр) газетінде жарияланды. Республика ақындар айтысында (1943) қызылордалық Ә.Бәйкеновпен сөз сайысына түскен. Көптеген айтыстары, толғаулары ел аузында сақталып, әдеби жинақтарда (“Пернедегі термелер”, 1965; “Айтыс”, 3-т., 1966) жарық көрген. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Характеристика аксиоматизируемых классов моделей // Изв. АН КСРО, Серия матем., т. 25, 1961</ref><ref>Элементарные теории // Успехи математических наук, т. 20, 1965 (соавт.); О топологизации счетных алгебр // Докл. АН КСРО, 1978.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}