Орфография

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:02, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Орфография (грек orfhos – дұрыс, gropho – жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді. Мұндай ережелер:

  • фонематикалық,
  • фонетикалық,
  • тарихи-дәстүрлі,
  • айырым принциптеріне негізделеді.

Фонематикалық принцип

Фонематикалық принцип көп жағдайда морфологиялық принципке сәйкес келеді, мұнда белгілі бір фонемалық түрленімдер әліпбидегі бір ғана әріппен белгіленеді.

  • Мысалы, басшы (башшы емес), түнгі (түңгі емес), саудагер (сәудегер емес).

Фонетикалық принцип

Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгерістері есепке алынып, айтылуы негізінде (естілуінше) жазылады. Қазіргі орфографиялық ереже бойынша кейбір жалқы есімдердің сыңарлары фонетикалық принципке негізделген (Ботагөз, Амангелді, т.б.).

Тарихи-дәстүрлі принцип

Тарихи-дәстүрлі принципжазу-сызуы бір графика негізінде қалыптасқан, өзгеріске түспеген тілдерге тән (ағылшын, француз, т.б.). Қазақ жазуында әліпби жиі ауысып отырғандықтан, бұл принцип сирек қолданылады.

Айырым принципі

Айырым принципі бойынша дыбыстық құрылымы ұқсас сөздер шартты түрде Орфография арқылы ажыратылады: қан – хан, қауып – қауіп, өкімет – үкімет, т.б. Сөздердің бөлек не бірге жазылуы түрлі лексика-грамматикалық топтарды қамтиды да, сөзді, сөз тіркесін, күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұрады.

  • Мысалы, ақтаңдақ (сөз) – ақ таңдақ жер (сөз тіркесі). Сондай-ақ сөйлемнің басында тұрған сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен таңбаланады. Сөздерді тасымалдау ережесі қазақ Орфографиясында сөздің буын жүйесіне негізделген.<ref>Уәлиев Н., Алдашева А., Қазақ орфографиясындағы қиындықтар, А., 1988;</ref><ref>Сыздық Р., Қазақ тілінің анықтағышы, Аст., 2000;</ref><ref>Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі, А., 2001</ref><ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005. ISBN 9965-409-88-9</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3</ref><ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Сөздердің дұрыс жазылу ережелерін сақтау үшін басты екі принцип басшалаққа алынады олар:

  1. Морфологиялық принцип-әр сөздің түбірі мен оған жалғанатын қосымшанаң тұлғасын сақтап жазу принципі.

Мысалы: бас-шы (башшы деп айтпаймыз ол қате болып саналады), кете-алмай(кетеалмай деп айтуға болмайды), сары-арқа (сарарқа деуге болмайды)

  1. Фонетикалық пиринцип-сөздердің естілу дағдысын сақтап жазу принципі.

Мысалы: тарағы (тарақы емес),Торайғыров (Торыайғыров емес) және т.б

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}