Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ордабасы"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

10:02, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Ордабасы - жер аты. Қошқарата өңірінде "Үлкен Орадаған", "Кіші Ордаған" деген жерлер бар. Анығына келгенде, олар "Үлкен Орда қонған", "Кіші Орда қонған" болып шығады.

"Орда қонған" деген жер Жамбыл облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының шектесер жерінде Арқарлы атты тауға жақын, Қошқарата мен Боралдай өзендерінің жоғарғы сағасында орналасқан. "Үлкен Орда қонған" мен "Кіші Орда қонған"ның да ара қашықтығы не бәрі 3-4 шақырым ғана.

Жасақтарды аңғарларға жасыру және барлық уақытта бір-бірімен байланыста болу үшін сол кездегі соғыс тактикасына байланысты осылай орналасқан. Бірінші орда - Ордабасында, екінші орда - Қошқарата жерінде, үшіншісі - Ақыртөбе стансасының жанында. Әр орда тұсында қазақ жасақтары топтастырылған. Жуалы ауданының Қошқарата өңіріндегі Орда қонған, Боралдай, Жолбарысқамал, Үлкен тұра, Кіші тұра, Садыр қамал, Тарақты қамал, т.б. көптеген жер-су атаулары 17-18 ғасырларда туған еліміздің жоңғар қалмақтарынан азат ету кезіндегі қойылған атаулар болып табылады.<ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларынның анықтамалығы</ref>

Дереккөздер

<references/>