Органон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Органон (көне грекше: Ὄργανον — құрал, метод, әдіснама ) — Аристотельдің арнайы логикалық еңбектерінің дәстүрлі аталуы. Органон атауын Аристотель емес, перипатетик (Аристотель жолын қуушы) Андро́ник Родо́сский (др.-греч. Ανδρόνικος; шамамен, б.з.д. 60жж.) Аристотель еңбектеріне пікір жазу барысында алғаш қолданған.

Органон Аристотельдің алты логика кітабын қамтиды. Олар:

  • «Категория туралы» (грек. Үлгі:Polytonic; лат. Categoriae, или Praedicamenta) Аристотельдің 10 категориясы пайымдалған: Мән (субстанция), Сан, Сапа, Байланыс, Орын, Уақыт, Жағдай (күй), Шарт, Қозғалыс, Маһаббат.
  • «Түсіндіру туралы» (грек. Үлгі:Polytonic; лат. De interpretatione) Бұл бөлім кітапта тірек ұғымдар мен тұжырымдар, растау, терістеу, жалпылық, ұғымара байланыс қатарлы тақырыптар сөз болған.
  • «Алғашқы аналитика» (грек. Үлгі:Polytonic; лат. Analytica priora) Бұл еңбекте Аристотель силлогизмі, индуктивті тұжырым туралы паймдалған.
  • «Кейінгі аналитика» (грек. Үлгі:Polytonic; лат. Analytica posteriora). Бұл бөлімінде үлгі, анықтама және ғылыми білім туралы пайымдалған.
  • «Топика» (грек. Үлгі:Polytonic; лат. Topica) Топика – негізгі тақырып мәселесі талқыланып, мәселені талдау мен шешім етуде өнімді де, сенімді дәлел келтіру, тұжырым жасаудың ақылға қонымдылығы туралы пайымдаулар жасалды. Дәл осы еңбегінде предикабил турлы айтты және кейін порфир және схоластик логикашылдардың пікірталасына себеп болды.
  • «Софистикалық тойтарыс туралы» (грек. Үлгі:Polytonic; лат. Sophistici elenchi, часто просто Elenchi) Логикалық сандырақтар, өтіріктер, ой алдамшылықтары туралы талдаулар жасалып, Аристотель риторикасына бағыттайтын маңызды кілт болды.<ref>Үлгі:Cite book</ref>

Аристотельдің "алғашқы" және "кейінгі" аналитикасының айырмашылығы айқындалған жоқ. Осылай бөліп атаған сол Родосскийдің өзі болса керек. Ал, «софистикалық тойтарыс туралы»ны «топиканың» жалғасы деп есептеуге де болады

Органонның көптеген грекше көшірмелері жазылған, сондай-ақ арабша, латынша, сирияша және армянша аудармалары бар . Жаңа дәуір ағылшын философы Фрэнсис Бэкон «Жаңа органон» («Novum organon») (1620) деген кітабында өзінің индуктивті логикасын Аристотельдің декуктивті логикасына қарсы қойып, барлық білімді ақылдық ойлаудан емес, тәжірибеден бастауды ұсынады.

Дереккөздер