Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Орал"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
18:48, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы
Орал — қала (1775 жылдан), Батыс Қазақстан облысының орталығы (1932 жылдан), ірі темір жол станциясы, Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Қала Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан.
Мазмұны
Халық саны
Орал қаласы халқының саны<ref>Үлгі:Cite web</ref>
1897 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1991 | 1999 |
---|---|---|---|---|---|---|
36 466 | 103 914 | 134 162 | 167 352 | 199 835 | 214 000 | 195 459 |
2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
195 811 | 198 137 | 201 970 | 205 277 | 208 814 | 202 161 | 207 109 | 213 107 | 218 136 | 222 808 | 227 368 | 230 775 |
Қысқаша мәлімет
Тұрғыны 273 359 адам (2014)<ref>http://www.batys.stat.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=314&Itemid=145&lang=kz</ref>. Қалалық мәслихатқа қарайтын жерінің аумағы 0,7 мың км². Қалаға ірілі-ұсақты 16 елді мекен қарайды, ал жалпы халық саны 278 086 адам (2014) Бүгінгі күні Орал қаласы – Қазақстандағы ірі мәдени-эконономикалық орталықтардың бірі. Қаладағы ірі кәсіпорындар: “Зенит” зауыты, “Омега”, “Металлист”, Орал механикалық зауыты, Орал арматура зауыты, Орал полипласт зауыты өндірістік кәсіпорны, “Аяз” ЖШС және республикалық мемлекеттік “Орал мемлекеттік ауыл шаруашылық стансасы” кәсіпорны. Бұлардан басқа облыстық дәрежедегі нан комбинаты, жылу, жарық, газ кәсіпорындары жұмыс істейді. Қалада 2 мәдениет үйі, 18 кітапхана, Киров саябағы, 3 музей, 2 театр, филармония, көрме залы, 46 мектеп, 3 жоғары оқу орны мен 3 бөлімше бар (2000). Сондай-ақ, 35 қазыналық емдеу мекемесі жұмыс істейді. Оралда Батыс Қазақстан темір жол жүк тасымалының Орал бөлімшесі орналасқан. Қала Жайық бойындағы ірі өзен айлағы саналады. 18 ғасырда салынған сәулет ескерткіштері сақталған.
Тарихы
Орал қаласының орнында бұдан бірнеше мың жыл бұрын скиф, ғұн, авар, печенег және қыпшақ тайпаларының мекен-тұрақтары болған. Бұл тайпалардың көсемдері мен жауынгерлері жерленген шағын қорымдар мен қорғандар қазір де кездеседі. Орал қаласының жергілікті қазақтар арасында ерте заманнан қазірге дейін “Теке” аталуының себебі, Алтын Орда хандары жанында уағыз тарататын Алшын Хасан сопы (Асан қайғы болуы да мүмкін) Әбдірахман, Әбдіразақ шайқылардың ұйымдық сипат белгісі – тәкие немесе мүридтер және ел кезген дәруіштер аялдайтын кәделі орын (резиденция) тәкие үйлерінің болуына байланысты. Орыстар Жайық бойына 15 ғасырдың аяғы 16 ғасырдың бас кезінде келе бастады. 17 ғасырдың 1-ширегінде Ноғай хандығымен шекарада шағын әскери бекініс-тірек ретінде Жайық қалашығы салынды. Ол 1613 ж. қазіргі Орал қаласының орнына көшірілді. 18 ғасырдың бас кезінде Жайық қалашығында 3 мыңға жуық үй болды. Олар негізінен Старица (Жайықтың бұрынғы арнасы) және Шаған өзендерінің бойына орналасты. Қаланың негізгі тұрғындары – казак-орыстар болған. Олар әлеуметтік жіктелудің нәтижесінде кедейлер (“голытба”) мен байлар (“домовитые”) болып бөлінді. Жайық казак-орыстары Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне (1773 – 1775) қатысты. Жайық қалашығы ІІ Екатеринаның 1775 жылы 15 қаңтардағы жарлығымен “Орал қаласы”, ал оның тұрғындары “Орал казактары” болып аталды. Орал қаласының неғұрлым ежелгі бөлігі Михайло-Аргангельск ғибадатханасының оңтүстігінде орналасты. Ғибадатхана – Орал қаласының тарихи ескерткіші (1741 – 51 ж. салынған). Қала бірнеше рет (1739, 1751, 1821, 1879) өртке ұшырады. Сырым Датұлы бастаған (1783 – 1797) халық көтерілісі,Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары Орал қаласы мен Жайық өңіріне ерекше із қалдырды. 1846 ж. қалаға айрықша құқықтар беріліп, үлкен қалалар санатына қосылды. 1869 ж. Орал облысы құрылып, қала облыс орталығына айналды. Қала тарихында социалды-демократиялық үйірменің құрылуы (1902), 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс (С.Меңдешев, Ә.Әйтиев, т.б.), Кеңес өкіметінің орнауы (1918 ж. 3 қаңтарда), ақ казактарға қарсы Орал қорғанысы (1919 ж., сәуір – шілде, М.Фрунзе), т.б. елеулі оқиғалар болып өтті. 1919 ж. 1-сәуірде Оралда Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары кеңестерінің 1-сайлауы өтті. 1920 ж. Орал губерниясы қалаға айналды. Кеңес өкіметі жылдарында Оралдың экономикасы жедел қарқынмен дамып, республикадағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. 1925 ж. Жайық өзені мен Орал – Атырау арасында тұрақты кеме қатынасы және 1923 ж. Орал – Елек темір жолының ашылуы қаланың экономикалық жағдайын жақсартты. Одан кейінгі жылдары (1950 – 1990) Орал қаласында ірі машина жасау және металл өңдеу, құрылыс материалдарын өңдеу, жеңіл және тамақ өндірістері, медициналық препарат зауыттары, т.б. 200-ден астам нысан салынды, көлік жүйелері дамыды.
Бауырлас қалалары
- Үлгі:Flagicon Атырау, Қазақстан
- Үлгі:Flagicon Семей, Қазақстан
- Үлгі:Flagicon Плоешти, Румыния
- Үлгі:Flagicon Ростов-на-Дону, Ресей
- Үлгі:Flagicon Острава, Чехия
- Үлгі:Flagicon Ескишехир,Түркия
Орал қаласында болған көрнекті адамдар
Бұл қалада әр кездері орыстың белгілі ақын-жазушылары
А.С. Пушкин,
В.А. Жуковский,
В.И. Даль,
В.Г. Короленко,
М.А. Шолохов, т.б. болды.
Сондай-ақ, көрнекті қазақ қаламгерлері
С.Сейфуллин,
Х.Есенжанов,
Т.Жароков,
І.Аманжолов, т.б.
өмірінің біраз кезеңдерін Орал қаласында өткізген.
<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Қазақстан қалалары Үлгі:Батыс Қазақстан облысы елді мекендері