Ораз Мұхаммед

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

05:36, 2016 ж. маусымның 6 кезіндегі 178.91.71.72 (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Сурет:Fyodor&boris.jpg
Орыс патшасы Борис Годунов 1600 ж. Ораз Мұхаммедті Ока өзенінің бойындағы Қасым хандығының ханы етіп тағайындады.

Ораз Мұхаммед (1573 – 1610ж.ж) – қазақ сұлтаны, Қасым (Касимово) хандығының ханы, Тәуекел ханның немере інісі, Ондан сұлтанның ұлы. Ораз Мұхаммед орыс жылнамаларында “қазақ ордасының ханзадасы” деп аталады. 1588 ж. Ораз Мұхаммед хан кеңесшісі (қарашысы) Қыдырғали Жалайыримен бірге Сібір хандығының астанасы Искерге (Қашлық) жергілікті билеуші Сейдахметке (Сейтек, Сейдақ) қонаққа барып, Сейтек ханмен бірге Ертіс бойында аңшылықта жүрген кезінде Тобыл воеводасы Данила Чулков жасағының қолына түсіп, Мәскеуге жөнелтілді. Федор Иванович патша оны жылы қабылдап, қызметке тартты. Ораз Мұхаммед патша сарайындағы салтанатты қабылдауларға, орыстардың шведтерге (1590), Қырым хандығына (1598) қарсы соғыстарына қатысты. 1594 жылдың соңында Тәуекел хан Мәскеуге аттандырған Құлмұхаммед елшілігі Ресеймен достық келісім жасау жөніндегі саяси ұсыныстармен қатар Ораз Мұхаммедті еліне қайтаруды өтінді. Тәуекел хан Ресеймен саяси келісімді бекіту мақсатымен Ораз Мұхаммедтің орнына өз балаларының біреуін аманатқа беруге міндеттенді. Бірақ бұл Тәуекелдің өліміне байланысты аяқсыз қалды. Орыс патшасы Борис Годунов 1600 ж. Ораз Мұхаммедті Ока өзенінің бойындағы Қасым (Касимово) хандығының ханы етіп тағайындады. 1605 – 13 ж. Ресейде болған бұлғақ жылдарында Ораз Мұхаммед Лжедмитрий ІІ жағына шығып, жалған патшаның сарайындағы атақты адамдардың бірі болды. Ораз Мұхаммедтің өзіне адал қызмет етпейтінін сезген Лжедмитрий ІІ оны Ока өзенінің жағасына аң аулауға ертіп барып, жалдамалыларына өлтіртті. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том; Вельяминов-Зернов В.В., Исследования о касимовских царях и царевичах, ч.2, СПб., 1864; Березин И.Н., Библиотека восточных историков, т.2, ч.1, Казань, 1854; Казахско-русские отношения в XVІ – XVІІІ вв., А.-А., 1961.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ораз Мұхаммед|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}