Оразымбетов Нұрғазы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:53, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Оразымбетов Нұрғазы (2.03.1909, Алматы облысы, Кеген ауданы, Тоғызбұлақ қыстағы - 1987, Алматы) -құрылыс инженері, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы (1967). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) жол қатынасы инженерлері институтын бітірген (1936). 1940- 41 жылдары Қазақстан Халком кеңесі құрылыс бөлімінің бастығы, 1941 - 47 жылдары Қазақстан Министрлік кеңесінде күрделі құрылым кеңесшісі, 1947 - 50 жылдары Қазақстан ғылым академиясының антисейсмика секторында бөлім бастығы кызметтерін атқарды. 1950 - 73 жылдары Алматы қаласындағы жобалау институттарында басшы қызметте (1958 - 73 жылдар "Қазгипроторг" институтының директоры) болды. Оразымбетов бірқатар ірі ғимараттарды салу ісінде инжинерлік жағынан (Алматы қласындағы "Балалар әлемі" дүкені, "Алматы" мейрамханасы, Неке сарайы, "Ауыл" мейрамханасы, Жабық базар, т.б.) басшылық етті. Құрылыс ісіне жергілікті материалдарды қолдану жайында және жер сілкінісінің зардабына талдау жасайтын еңбектер бар. Қызыл Ту және "Құрмет белгісі" орденімен, медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}