Оразмағанбет (Размағанбет) Тұрмағанбетұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:01, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Оразмағанбет (Размағанбет) Тұрмағанбетұлы (1881, Қызылсу ауылы – 1942, Ресей, Красноводск қаласы) – діни ғұлама, ғалым-геолог, алаш қозғалысының мүшесі. Адайдың бәйімбет руынан. Әкесі Тұрмағанбет шағын дәулетті, діни мектебі бар, ахун болған адам. Алғашқы сауатын әкесінің мектебінен ашып, 10 – 11 жасында Көне Үргеніште, 1895 – 97 ж. Хиуа, Бұқарадағы медреселерде оқыған. 1897 – 1900 ж. Бомбей қаласында арнайы инженер білім алған. 1900 – 03 ж. қысқа мерзімдік оқулармен Түркия, Иран, Германия елдерінде білімін жетілдірген. Оразмағанбет сол кездегі қазақтардан шыққан кен саласындағы алғашқы ғалым. 1903 ж. ауылға келіп, балаларға араб әліппесінен дәріс берді. 1919 ж. ағайындарға асар айтып, Қызылсу ауылында мектеп-медресе салдырады. Бұл мектепте арнайы дәрісхана және кітапхана бөлмелері болған. Онда балалар 1930 жылға дейін оқыған. 1926 ж. Адай уезінің бас имамы Бәли Нұрнияз ахун қайтыс болғаннан кейін Түпқараған болысындағы ауылдарға имамдыққа тағайындалады. Оның дәлелі – 1926 ж. 9 қарашада Уфа мұсылмандар мүфтиатының декларациясы берген құжат. Ол қазақ зиялылары Б.Қаратаев, А.Байтұрсыновтармен тікелей байланыста болып, өзі де алаш қозғалысына белсене араласты. 1928 – 29 ж. Т.Әлниязов, Ж.Мыңбаев, ағайынды Оңғалбаевтардың жазықсыз сотталғанда, ол да «халық жауы» деген атпен сотталды. Оразмағанбет өзінің кітапханасындағы өте құнды кітаптарды Қызылсу маңындағы тау үңгірлеріне жасырады. Сол кітаптардың бір бөлігі 1957 ж. Сахар тауынан табылып, ұзын саны 120 кітап әуелі Атырауға, одан кейін Алматыға жіберіледі. Содан қалған 51 кітап 1977 ж. қазіргі Алматыдағы ғылым академиясының орталық кітапханасында сирек кездесетін қолжазбалар мен кітаптар қорына тапсырылған. Ондағы кітаптардың архивтегі реттік нөмірлері 8848 – 8898. 1930 – 34 ж. Ресейден келген М.В. Баярунас, И.Н. Лупповпен бірге Маңғыстауда Қарабұғаз аймағында басталған геологиялық-зерттеу жұмыстарына қатысады. Сонымен қатар Уфа мұнай базасында, Нефтдаг мұнай кәсіпшілігінде, Красноводск портында шетелдік мамандармен (негізінен ағылшындармен) бірігіп жұмыс жасайды. 1935 ж. Кеңес үкіметінің қыспағынан қашып, Иранға қоныс аударды. 1937 ж. тамыз айында МҚК тыңшылары тұтқындап, Ашғабад қаласының түрмесіне қамайды. 1938 ж. 29 қыркүйекте КСРО Жоғары Әскери коллегиясы «хауылылық жауы» деп ұйғарып, мал-мүлкін тәркілеп, өзін ату жазасына бұйырды. Бірақ сол кезде инженерлердің жетіспеуіне байланысты, оны «жабық мекемелерде» ұстаған. 1963 ж. 28 қазанда Красноводск қаласындағы неке бөлімі берген өлім туралы куәлікте «Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы 1942 ж. 61 жасында 30 қазанда қайтыс болды» деп көрсетілген. Ол 1963 ж. ақталды. Қазір ахун туралы естеліктер жазыла бастады. Соның бірі Ө.Озғанбай мен Т.Шәдіқұл құрастырған «Оразмағанбет» топтамасы (1997). Оразмағамбеттің Мұхаммед, Шарғи, Панар, Жазила, Қазина деген балалары болған, олардан тараған ұрпақтар қазір Иранда тұрады. 2007 ж. Оразмағамбеттің 125 жылдық мерейтойы облыс көлемінде аталып өтілді. Белгілі ғалым, діни қайраткер туралы О.Көшбайұлының «Дала данасы» атты кітабы жарық көрді.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оразмағанбет (Размағанбет) Тұрмағанбетұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}