Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ольга Рыпакова"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
18:41, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Медальдар Ольга Рыпакова Сергейқызы (қарашаның 30, 1984 жылы, Өскемен) — Қазақстан жеңіл атлеті, бастапқыда жеті сайыспен айналысса, кейін ұзындыққа секіруге мән беріп жүріп 2007 жылдан бері үш қарғып секірумен айналысады.
- О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартты. Осы көрсеткішімен ол Олимпиадада 4-ші орын алған болатын.
- Ольга Рыпакова 2010 жылы мамырда Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды.
- Бұдан бөлек О. Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды.
- 2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды.
- 2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші 14.98 м болды.