Ойлаудың логикалық заңдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қоғамдағы жағдайлар мен оқиғалардың белгілі бір заңдылықта қайталанатыны күнделікті өмірден және бақылаулар нәтижесінен көрінеді. Адамзат өзінің тіршілігін бастағаннан осы заңдылықтарға қалыптасып, сезініп, оны қабылдайды.

Ойлау заңдары адам ұғымы мен пікірінің жемісі, және олардың қорытындысынан туындайды. Біздің ойымыз материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның санасында бейнеленуі ретінде қарастырылады. Объективті дүниедегі заттар мен құбылыстар бір-біріне тәуелді, шарттас және олар қозғалыста дамиды. Сыртқы дүниедегі нәрселердің қозғалысы мен дамуы белгілі бір зандар бойынша іске асады. Егер ұғым бұл заңдарды дұрыс қабылдаса, пікір дұрыс қалыптасады, яғни біз бұл заңдарды жақсы біле аламыз.

Логика ғылымы ойлаудың негізгі төрт заңын қарастырады. Ол заңдар — Тепе-теңдік заңы, қайшылықсыздық заңы, үшіншіні ескермеу заңы және жеткілікті негіз заңы. Бұлар ойлаудың негізгі заңдары деп аталады. Өйткені олар логикалық ойлаудың түпкі қасиеттерін — анықталмағанын, қайшылықсыздығын, аяқталғанын, негізделгенін көрсетеді. Бұл қасиеттер ойлаудың барлық үдерістерінде, оның қандай да болсын формасына қарамастан әрекет етеді. Логикалық заңдар дұрыс ойлаудың міндетті шарты болып табылады.

Тепе-теңдік заңы. Қандай да болсын бір затты не нәрсені қарастырғанда, соған тән белгілер туралы ойлау қажет. Сол зат немесе нәрсе туралы ой қайталанбау үшін анық, тұрақты мазмұнда болуы керек. Бұл ойлаудың ең маңызды қасиеті — оның анықталғандығы — пікір үдерісіндегі қандай да болсын ойдың өзара тепе-теңдігі — Тепе-теңдік заңын айкындайды. Тепе-теңдік заңы — барлық ой қорытындыларының өзара қосылып, бірін-бірі толықтыратын логика заңы. Сырттай қарағанда, логикалық заңдар ішіндегі ең қарапайым түрі. Оны былай түсіндіруге болады: егер айтылған пікір шындық болса, ол — шындық. (Мысалы, "егер шөп көк болса, ол көк", "егер шөп қара болса, ол — қара".)

Табиғатта және қоғамда заттар мен құбылыстардың бір-бірімен араласып кетпей, нақты, белгілі ерекшеліктері болатыны сияқты, заттар мен құбылыстар туралы біздің ойларымыз да бір-бірімен араласып кетпеуі тиіс. Болмыстың кейбір құбылысы туралы дұрыс пайымдай отырып, біз өзіміздің ойымызда зерттеп отырған нәрсені ауыстырмаймыз, екі ұшты ойламаймыз. Ойлаудың дәл, анық болуы — дұрыс ойлаудың заңы. Бұл заңның тұжырымдамасы мынадай: белгілі бір пікірлесуде, ұғым мен пікір сол бір мағынада ғана қолданылуы қажет, яғни өзіне-өзі тең болуы тиіс. Тепе-теңдік заңы А немесе А=А деген формула бойынша беріледі. Мұндағы А кез келген ойды білдіреді. Осы заңдылық бұзылған уақытта келесі қателіктер пайда болуы мүмкін.

Амфиболия ( Үлгі:Lang-el) — тілмен өрнектеу негізінде пайда болатын логикалық қателік.

Эквивокация — бір сөздің түрлі мағынада қолданыла беретіндігінен кететін логикалық қателік. Эквивокация шешендік әдеби тәсіл ретінде жиі қолданылады. Логикада бұл тәсілді "ұғым алмастыру" деп те атайды. Мысал үшін, төмендегі пікірді алайық: "Барлық жанартау — тау, ал барлық гейзерлер — жанартау болады".

Бұл қорытынды ("барлық гейзерлер — тау") дұрыс емес, өйткені гейзерлердің тау емес екені белгілі. Мұндай жалған қорытындының шығу себебі — пікірде Тепе-теңдік заңы бұзылған, яғни логикалық қате жіберілген. Міне, ұғымды алмастыру дегеніміз осы. Ұғымның мазмұнын дұрыс түсінбегендіктен туатын "ұғымдарды алмастырып алу" қатесі логикада паралогизм деп те аталады, яғни паралогизм білместіктен туатын қате.

Логомахия — пікірталас кезінде оған қатысушылардың, талас тудырған ұғымды анықтай алмауларына байланысты, бір түйінге келе алмауы.

Тепе-теңдік заңынан маңызды талап туындайды: әр түрлі ойларды теңестіруге болмайды, тепе-тең ойларды Тепе-теңдіксіз ойлар ретінде қарастыруға болмайды. Осы талап қаншалықты айқын болғанымен, пікір кезінде жиі бұзылады. Бұл талап жоғарыда айтқан эквивокацияға тән құбылыс.

Сонымен, тепе-теңдік заңы логикалық ойлаудың ең маңызды талаптарының бірі — анықтықты көрсетеді.

Қайшылықсыздық заңы.

Ғасырлар бойы жинақталған адамзат тәжірибесінен нәрселермен құбылыстардың қасиеттері өзара байланыста болатыны байкалған. Мысалы, бір заттың түсі сары болса, нақ сол кезде және сол жағдайда оның түсі қара болуы мүмкін емес екенін, егер құс ұшып келе жатса, нақ сол кезде оның бұтаққа қонып отыруы мүмкін емес екендігін адамдар әлде қашан байқаған. Заттардың осы сияқты әдетті қасиеттері дұрыс ойлаудың тұрақты белгісі ретінде санасына орнаған. Егер заттың белгілі бір қасиеті нақ сол жағдайда және сол кезде ол заттың өзінде бірден болуы да және болмауы да мүмкін емес болса, онда дұрыс ойлауда да бір мезгілде, бір мағынада алынған бір мәселе жөнінде қарама-қарсы екі түрлі пікір айтып, ой қайшылықтарын туғызуға болмайды. Дұрыс ойлаудың бұл заңы логикада қайшылықсыздану заңы деп аталады. Демек, бір-біріне қарама-қарсы екі пікір бір мезгілде шындық болуы мүмкін емес, оның бірі жалған болады. Мысалы, "Осы өзен Ертіске құяды" және "Осы өзен Ертіске құймайды" деген екі пікір бір мезгілде шындық болуы мүмкін емес, егер екі пікір де осы өзенге қатысты болса.

Қарама-қайшылық ойды бұзып, таным үдерісін ауырлатын жібереді. Ойлаудың қайшылықсыз талабы формалды логикалық қайшылықсыздық заңын бейнелейді. Бұл заң мынадай формулада: А және А емес, яғни бір-бірін жоққа шығарып тұрған екі ой бірге ақиқат бола алмайды.

Қайшылықсыздық заңы бір уақытта, бір тұрғыдан айтылған қарама-қарсы екі пікірдің екеуі бірдей ақикат болуын теріске шығарады. Бірақ бұдан оның екеуі де жалған пікір болуы мүмкін деген түсінік шықпайды. Мысалы, мынадай: "Біздің сыныптағы оқушылардың бәрі үздік" және "Біздің сыныптағы бірде-бір оқушы үздік емес" деген қарама-қарсы пікірдің екеуі бірдей ақикат болуы мүмкін емес, бірақ оның екеуі де жалған болуы мүмкін. Бұл жағдайда: "Біздің сыныптағы кейбір оқушылар — үздік" деген акиқат пікір шығады. Сөйтіп, қайшылықсыздық заңы қарама-қарсы екі пікірдің біреуінің немесе екеуінің бірдей жалған екені жайлы сөз қылмайды.

Бұл айтылғандардан қайшылық заңы ешқандай қайшылықтарды мойындамайды деген қорытынды жасауға бола ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен, қайшылықтың екі түрлі болатынын, атап айтқанда, ойлауда болатын формалды-логикалық қайшылықтарды өмірдің өзінде болатын диалектикалық деп аталатын қайшылықтардан ажырата білу кажет. Қайшылықсыздық заңы диалектикалық қайшылықтарды жоққа шығармайды. Ол тек дұрыс пікір қайшылықтарына ғана қарсы, өйткені бұл соңғы ойдың дәйектілігін бұзатын, шындықты дұрыс танып білуге кедергі жасайтын қайшылықтар. Қайшылықсыздық заңы дұрыс ойлаудың негізгі сапаларының бірі — дәйектілікті талап етеді. Бұл заңды саналы түрде қолдану тек бөтен адамдардың ойларында орын алған қайшылықтарды ғана емес, сондай-ақ өз ойлау, пікірлерінде кеткен қайшылық, дәйексіздікті байқап, түзетуге, сөйтіп, өз пікіріне сын көзбен қарауға үйретеді.

Үшіншіні ескермеу заңы. Үшіншіні ескермеу заңын мынадай формулада көрсетуге болады: бір-біріне қарама-қайшылықты екі пікір бір мезгілде жалған бола алмайды: оның бірі — міндетті түрде ақиқат, бірі — міндетті түрде жалған, үшінші пікір алынып тасталады, ал ақиқат не (А), не (А емес) болады.

Үшіншіні ескермеу заңы біздің ойлауымызда маңызды талаптарды қалыптастырады: бір-біріне қайшылықты екі ойдың бірінің ақикаттығын танудан бас тартпау және олардың арасынан үшінші бір нәрсені іздемеу керек.

Үшіншіні ескермеу заңы қайшылықты пікірге байланысты ғана әрекет етеді және төмендегі формадағыдай құрылады: бір-біріне қарама-қайшылықты екі пікір бір мезгілде жалған бола алмайды, оның бірінің ақиқаттығы қажет. Бұл заңның формуласы: (А бар не В не В емес).

Бір-біріне қайшы келетін пікірлер әрқашан баламалы болады, яғни екі мүмкіншілік бар екенін білдіреді. Бұл мүмкінділіктер бірін-бірі теріске шығарады. Егер бұл пікір баламалы болмаса, онда олар бір-біріне қайшы емес, ол пікірге үшіншіні ескермеу заңы қолданылмайды.

Үшіншіні ескермеу заңы ұстанымсыздыққа қарсы бағытталған. Бұл заң бір мәселе жөнінде бірін-бірі жоққа шығаратын көзқарастарды шатастыруға қарсы бағытталған заң. Бұл заңның сот, тергеу ісінің практикасында қандай ерекше маңызы бар екенін түсіну қиын емес, өйткені ол заң мәселені кесімді түрде шешуді талап етеді. Заңгер істі "не олай", "не бұлай" шешуі тиіс. Факті не расталды немесе расталмады, соны шешкеннен кейін айыпкер не кінәлі немесе кінәлі емес деп кесіл айтуы тиіс.

Ал үшіншіні ескермеу заңы бірі бірдеңені қостайтын, екіншісі дәл соны терістейтін екі қайшы пікір бар жерде ғана қолданылады. Жеткілікті негіз заңы. Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар себеп-салдар байланысында болады. Себептен туған құбылысты әрекет деп атайды, яғни себепсіз салдар болмайды.

Дүниеде себепсіз құбылыс жоқ. Егер бір құбылыс басқа құбылыстардың еткендегі дамуы арқасында дайындалып жетілмесе, табиғат пен қоғамда ешбір құбылыс пайда болмас еді.

Нәрселер мен құбылыстардың объективтік дүниедегі осындай өзара байланысы адамның ойында жеткілікті негіз заңы түрінде бейнеленген. Жеткілікті негіз заңы — әрбір ақиқат, ой жеткілікті негізделуі тиіс деп тұжырымдалады.

Белгілі бір ақиқат ойды білдірсек, оның ақиқаттығын негіздеуіміз керек, яғни шындыққа сәйкес келетіндігін дәлелдеуіміз тиіс. Мысалы, айыпталушыға белгілі бір кінә таққан кезде айыптаушы өз пікірінің ақиқаттығын негіздейтін қажетті дәлелдер келтіруі тиіс. Олай болмаса, табылған кінә негізсіз болып шығады. Бұл заң дұрыс ойлаудың қажетті шарты болып табылады.

Жеткілікті негіз ретінде қандай жағдайларды алуға болады: ең алдымен, мұндай негіз ретінде адамның өз тәжірибесін, жеке фактілерді келтіруге болады. "Бұл қылмысты жасаған Н. деген адам" деген пікірдің ақиқаттығы, мәселен, сол қылмыстың жасалғанын көрген адамның тікелей көрсетуі, куәландыруы арқылы дәлелденеді. Адамның жеке басының тәжірибесінің өрісі тар. Сондықтан адам өз қызметінде басқа адамдардың тәжірибесіне, тағы басқа сүйенеді. Мұндай дәлелдер қылмысты тергеу жұмыстарында, тарих ғылымында тарихи фактілерді анықтауда, тағы басқа жиі қолданылады.

Жеткілікті негіз заңының ойлау үдерісінде аса зор теориялық және практикалық маңызы бар. Біреуді өзіміздің айтқандарымыздың ақиқаттығына сендіру керек. Бір пікірді дәлелдеу дегеніміз — оны негіздеу деген сөз, яғни жеткілікті негіз ретінде ғылымда және практикада дәлелденген ақиқатқа жататын басқа пікір келтіру керек.

Жеткілікті негіз заңы — еш нәрсемен дәлелденбеген пікірге сеніп, оларды қабылдай салатын логикасыз ойларға қарсы, әр түрлі діни нанымдарға, ырымшылдық пен жоқ нәрсеге сенушілікке қарсы бағыт.

Жоғарыда қарастырылған төрт заң дұрыс ойлауға қойылатын айқындылық, қайшылықсыздық, дәйектілік және дәлелділік талаптарының жалпы көрінісі. Сондықтан дұрыс ойлаудың бұл жалпы заңдары ойлаудың ұғым, пікір, ой қорытынды, дәлелдеу сияқты жеке формаларының айрықша ережелерінен көрініп отырады. Мысалы, ұғымдардың арасындағы қатынастарды, ұғымды анықтағанда, пікірлер арасындағы қатынастарды, ой қорытындылар мен дәлелдеулердің жеке түрлерін дұрыс құру ережелерін қарастырғанда, тағы басқа бұл заңдарды қолданамыз. Осыған байланысты бұл заңдардың логикалық мәні мен талаптарын меңгеріп, біліп алған жөн.<ref>Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлықбағытындағы 10-сыныбына арналған окулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-570-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ойлаудың логикалық заңдары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}