Нұр Оңдағанұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:53, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Нұр Оңдағанұлы (1895, Адай уезі, Кендірлі жері – 1978) – аңшы. Жас кезінен аңшылық кәсіпті меңгеріп, сонымен қатар көрік ұстап, темір соғатын ұста да болған. Оқып білім алмаса да, мұсылмандық парыздарын ұстанып өткен пірадар, тақуауылы 1925 ж. інісі Бірімжан екеуі елге көп қайырымдылық жасаған кәсіпкер З.К. Дубскийді сотталып, жер аударылудан арашалап қалған. Оңдағанұлы Ұлы Отан соғысынан жараланып, 1943 ж. елге келгеннен кейін шикізат дайындау мекемесінің шартты аңшысы болып, Маңғыстаудың Үштаған ауылын мекен еткен. Оңдағанұлы Маңғыстаудың аң-құсы, дәрілік шөптері, ерекше табиғи құбылыстары жөнінде КСРО ғылым академиясының зоогеография қоғамына мол мағлұмат берді. Оның осы еңбегі Ә.Спанның «Аңшы Нұр» деген кітабында жақсы айтылған.<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұр Оңдағанұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}