Нұрғазина Сәуия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:20, 2015 ж. қарашаның 28 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Нұрғазина Сәуия1940 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы Ақжар ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1971).<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

1960 жылы Тарбағатай аудандық баспаханасына терімші, 1962 жылы Жуалы аудандық газетіне корректор болып орналасады. С.Нұрғазина "Қайнар" баспасында 1960-1994 жылдар аралығында корректор, кейін "Ақ бидай" редакциясында кіші редактор ретінде жемісті қызмет істеді. Ол сауатты, білімді баспагер ретінде ұжымның құрметіне бөленді.

С.Нұрғазина "Баспасөз үздігі" (1982), "Он бірінші бесжылдықтың озаты" белгісімен, "Еңбек ардагері" медалімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}