Нұрым Шыршығұлұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:49, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Нұрым Шыршығұлұлы (1831, қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы – 1908, сонда) – ақын. Асан қайғы, Сыпыра, Доспамбет, Шалкиіз, Абыл, Қалнияз секілді жыраулар мұрасынан өнеге алған. Нұрым жырлары алғаш М.Бекмұхамбетұлының “Жақсы үгіт” (Қазан, 1908) және “Аламан” (Ташкент, 1926) жинақтарында жарық көрді. Кейін өлеңдері “Ақберен” (1972); “Өсиетнама” (1982); “Бес ғасыр жырлайды” (1985 – 89); “ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985); “Абыл, Нұрым, Ақтаным…” (1997) атты жинақтарға енген. Терме, өсиет, арнау үлгісіндегі жырлары өмірдің өтпелілігін, замана жайын толғайды (“Мен қашанғы жүйрігің”, “Әлеумет, келдің қаумалап”, “Ұсынсам қолым жетер ме?” “Шенен ер”, “Жарлау”, “Әкесімен қоштасуы”, т.б.). Сондай-ақ “Тайсойған, Бүйрек – екі құм”, “Әтембекке айтқаны”, т.б. толғауларында ру алауыздығын шенеп, елді татулыққа, бірлікке шақырды. Нұрымның Абылмен, Қашағанмен білім сынасу мақсатында сұрақ-жауап үлгісіндегі айтыстары сақталған. Ол “Қырық батыр” дастанын Абыл ақыннан үйрене отырып, дамыта жырлады, Қашаған, Ақтан, Мұрын сияқты ақын-жырауларға ұластырды.

Сілтеме

<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұрым Шыршығұлұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}