Нұрша Алжанбайқызы Оразахынова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:32, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Нұрша Оразахынова (3. 2. 1957 жылы туған, Алматы облысы, Кеген ауданы, Бөлексаз ауылы) — тіл білімі маманы, педагогика ғылымының кандидаты (1993). Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген (1980). 1980-1987 жж. Атырау облысы, Ембі ауданы Амангелді орта мектебінде мұғалім. 1987 жылдан Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде ізденуші-зерттеуші, аспирант, аға оқытушы. Профессорлар С. Исаев пен Ғ. Қалиевтің жетекшілігімен қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты кандидаттық диссертация қорғады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласында еңбек етіп жүр. 22 ғылыми мақаласы жарық көрді.

Шығармалары:

  • Пәнаралық байланыс — оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің бір жолы. А., 1995;
  • Қазақ тілі сабағында сатылай комплексті талдау жүргізу. А., 1997.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}