Нұрлан Әбдібеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:03, 2016 ж. тамыздың 13 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Нұрлан Әбдібеков (2.7. 1960.Алматы облысы Райымбек ауданы Сумбе ауылы) - айтыскер ақын, журналист.<ref>"Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. 1984 жылы ҚазПИ-дібітірген. 1984-86 жылдары Ұзынағаш ауылындағы орта мектепте мұғалім, 1986-88 жылдары Жамбыл аудандық "Екпінді Еңбек" (қазақша "Атамекен") газетінде тілші, 1989-97 жылдар Жамбыл музейінде аға ғылыми қызметкер, Қазақстан Телерадиохабарларын тарату жөніндегі комитетте редактор болды. 1982 жылы студент-жастар айтысында, 1989 жылы Ү.Кәрібаевтың 100 жылдығына арналған, т.б. республикалық айтыста бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ айтыс өнерін насихаттап, бірнеше рет республикалық ақындар сайысын ұйымдастыруға қатысты. Әбдібековтің өлеңдері "Аудитория" жинағына енген (1983). Халықаралық Жамбыл сыйлығы лауреаты (1996).

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}