Нұритден Ермұқанұлы Мұхамбетжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұритден Ермұқанұлы Мұхамбетжанов (1926 қазіргі Атырау облысы Теңіз ауданы1994, Шетпе ауылы) – мәдениет қызметкері, Қазақ КСР-інің еңбегі сіңген мәдениет қызметкері.

Мәскеу қаласындағы Б.В. Щукин атындағы жоғары театр училищесін (1969) бітірген. Атырау облысының Теңіз ауданы мәдениет бөлімінің аға инспекторы, мәдениет үйінің директоры, автоклуб меңгерушісі, Маңғыстау ауданында халық театрының режиссері (1964 – 1986) болып қызмет атқарған. Ол 70-ке жуық ірілі-ұсақты драмалық шығарманы сахнаға қойды; өзі Жанас (Ә.Тәжібаев, «Бөлтірік бөрік астында»), Бекен (Қ.Мұхамеджанов, «Бөлтірік бөрік астында»), Базарбай (Ғ.Мүсірепов, «Қыз Жібек»), Ақылбек (Б.Жәкиев, «Әке тағдыры»), т.б. бейнелерді сомдаған. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұритден Ермұқанұлы Мұхамбетжанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}