Нұржұман Байжұманұлы Ықтымбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Нұржұман Байжұманұлы Ықтымбаев (14.5.1941 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Кербұлақ ауданы Алтынемел ауылы) – актер, Қазақ КСР-інің халық артисі (1990).
Алматы музыкалық училищесінде (1954 – 57) оқыған. 1966 жылы Жаркент қаласындағы педагогика училищені, 1968 жылы “Қазақфильм” студиясы жанындағы актерлік студияны бітірген. 1968 жылдан “Қазақфильм” студиясында киноактер болды.
Алғаш ойнаған рөлі – “Қилы кезең” фильміндегі Қапан (1966). Таңдаулы рөлдері қатарында Сағатбай (“Балалық шаққа саяхат”), Төлеген (“Ұшы-қиырсыз жол”, 1968), Нұржан (“Мәншүк туралы жыр”, 1969), Хакім (“Атаманның ақыры”, 1970), Комиссар (“Орман балладасы”, 1972), Контрабандашы (“Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері”, 1973), Смайылбек (“Көксерек”, 1974), Пачкаев-Бүркіт (“Бүркіттің соңғы жылы”, 1976; Ереван қ-нда өткізілген 11-Бүкілодақтық кинофестиваль дипломымен марапатталды, 1978), Мұраталиев (“Нан дәмі”, 1979; КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1980), Сейіт (“Қызыл керуен”), Тыко Вылко (“Түпсіз құрдым”, 1981), Барысбай (“Қызыл отау”, 1983), т.б. Ол сонымен қатар “Адамдар арасындағы бөлтірік” (1988), “Аллажар” (1992 – 95), “Жамбылдың жастық шағы” (1996), т.б. көркем фильмдерге де түскен.
КСРО Кинематографиясының үздігі (1986). “Парасат” орденімен марапатталған (2007).<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұржұман Байжұманұлы Ықтымбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}