Нұржамал Оралбайқызы Оралбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:51, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Нұржамал Оралбайқызы Оралбаева (15. 5. 1928 жылы туған, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) - қазақ тіл білімі маманы, филология ғылымы докторы (1971), профессор (1973), ҚазКСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. ҚазПИ-ді бітірген (1949).

  • 1949-1952 ж. ҚазКСР ҒАТіл білімі институтында аспирант.
  • 1952- 1962 ж. ҚазПИ-де оқытушы.
  • 1962—1973 ж. доцент,
  • 1973—1975 ж. осы институттың профессоры.
  • 1975-1989 ж. ҰҒА А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі интында аға ғылыми қызметкер.
  • 1989-1997 ж. ҚазПИ-де қазіргі қазақ тілі кафедрасы-1 ның меңгерушісі.
  • 1990—1991 ж. осы институтта проректор.
  • 1997 жылдан осы кафедраның профессоры.
  • 1956 ж. "Октябрьден кейінгі кезеңдегі қазақ жазуының тарихы" деген тақырыпта кандидат (профессор С. Аманжоловтың жетекшілігімен), "Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақ тілінің грамматикасы, жалпы тіл білімі мәселелеріне арнап жазылған 100-ден аса ғылыми мақала авторы.

Шығармалары:

  • Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1961 (авторлардың бірі);
  • Қазақ тілі. A., 1964 (авторлардың бірі);
  • Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. А., 1968;
  • Қазіргі қазақ тілінің жаттығулар жинағы. А., 1972 (авторлардың бірі);
  • Қазіргі қазақ тілінің морфема жүйесі. А:, 1986(авторлардың бірі);
  • Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А., 1988;
  • Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесі. А., 1989;
  • Қазақ тілін үйренеміз. А., 1989 (авторлардың бірі, редакциясын басқарған);
  • Қазақ тілі. Практикалық курс. А., 1993;
  • Практикалық қазақ тілі. А., 1993 (авторлардың бірі).
  • Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 1996 (авторлардың бірі). Крзіргі қазақ тілінің жаттығулар жи- нағы. А., 1997.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}