Нұрдәулет Күзембайұлы Күзембаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:51, 2016 ж. мамырдың 4 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Нұрдәулет Күзембайұлы Күзембаев (15.06.1912 ж. т., Доңызтау, Ақтөбе облысы - 07.11.1996, Алматы) – мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1974 ж.).<ref>Справочник по истории Коммунистической партии и Советского Союза 1898 - 1991</ref>

Өмірбаяны

1929 - 1932 ауданадық КОКП-ның іс-қағаздарын жүргізуші, аудандық қаржы бөлімінің есепшісі, аудандық Кеңестің Атқару комитетінің есепшісі, Кегейлі аудандық қаржы бөлімінің есепшісі (Қарақалпақстан).
1937 - 1939 инспектор, аға инспектор, Коммуналды банк республикалық мекемесінің басшысы
1939 Қазақ КСР Халық комиссарлар кеңесінің (ХКК) консультанты
10.1939 - 1.1940 Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары
1940 - 1941 Шығыс Қазақстан облыстық Кеңесінің Атқару комитеті төрағасының орынбасары
1941 - 1944 Қазақ КСР ХКК іс жүргізушісі
1944 - 1950 Алматы облыстық Кеңестің Атқару комитетінің төрағасы
1950 - 1953 Оңтүстік Қазақстан облыстық Кеңесінің Атқару комитетінің төрағасы
1953 - 4.1954 Оңтүстік Қазақстан облыстық КП-ның 1-хатшысы
1954 Қазақстанның КП ОК жауапты ұйымдастырушысы
1954 - 1957 Алматы облысының Жамбыл аудандық КП 1-хатшысы
1957 - 1962 Алматы облыстық статистика басқармасының басшысы
1962 - 1964 Қазақ КСР Министрлер кеңесінің Мемлекеттік жоспалау комитетінің қаржы және өзіндік құн бөлімінің басшысы
1964 - 1971 Қазақ КСР Министрлер кеңесінің Мемлекеттік жоспалау комитетінің жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының директоры
1971 - 1982 Қазақ КСР Министрлер кеңесінің Мемлекеттік жоспалау комитетінің жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының бөлім, сектор басшысы
1982 жылдан бастап зейнетте<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>

Ғылыми еңбектері

Нұрдәулет Күзембаев зейнеткерлікке шыққаннан кейін тарихты зерттей бастайды. Оның негізгі зерттеген тақырыбы Барақ батыр болады. 1994 жылы Нұрдәулет Күзембаевтың Ғылым баспасынан "Жасыл тулы ер Барақ" атты зерттеуі шығады. Көптеген тарих зерттеушілері Барақ батырдық туған жылын Нұрдәулет Күзембаев ұсынған 1743 жыл деп қабылдаған.<ref>Азаттық туын алғаш көтерген ардақты тұлға</ref>

Қызық деректер

Нұрдәулет Күзембаевтың атақты ақын, сазгер Бәкір Тәжібаевқа қалай көмектескендгін Тәжібаевтың әйелі Сапаркүл былайша баяндаған:
"1959 жылы Жамбыл қаласындағы нағашы ағамның қолында тұратынмын. Мен мектепте оқимын, он бес жастамын. Келсем үйде бір жігіт отыр домбыра тартып. Келіп жүрген әртістердің біреуі шығар дедім де қойдым. Күнде келеді әлгі кісі, сосын бір күні: — Сен менің жиен қарындасым боласың, - деді,
— Жарайды, ағай! - дедім. Бір күні айтты:
— Мен сені өз қолымнан күйеуге берем, - деді, тағы да:
— Жарайды - дедім.
Сөйтіп жүргенде екеуміз қосылдық. Мен мектеп қабырғасында оқимын, «жасы толмаған қызды алды» деп, Бәкірді соттамақшы да болды. Анам, әжем, нағашы ағам мен жеңгем бар, бәріміз бірге тұратынбыз. Содан Нұрдәулет Күзембаев деген ағамыз Шымкентте басшылық қызметте болатын. Бәкір соған кетті. Содан кейін сол ағамызға «қарындасыңызды алып едім, қудалап жатыр» десе, «бәрін көшіріп алып кел!» деген екен. Содан ағамыз мені училищеге түсірді. Бәкір Шымкент театрына кірді, сөйтіп тұрып жаттық. Әртістердің әрқайсысы келіп «бұл кім?» деген сұрақты көп қоя берді. «Әйелім» деп айта алмайды, «қарындасым» деп әрең құтылатын."<ref>Әндері мен жырларын халқына рухани азық етіп қалдырған Бәкір Тәжібаев туралы бір үзік сыр</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұрдәулет Күзембайұлы Күзембаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}