Нұргелді Мақажанұлы Уәлиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:38, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Уәлиев Нұргелді Мақажанұлы (01.07.1945 ж.Алматы облысы Көксу ауданы Еңбекшіқазақ ауданы т.) - филология ғылымдарының докторы (2007), профессор. (1968, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтының аспирантурасын (1972) бітірген соң осы институтта кіші (1973–90), аға (1990–95) ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1995–96), институт директорының орынбасары (1995–2009) болды. 2009 жылдан бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Н.Уәлиевтің ғылыми еңбектері

Қазақ тілі мәдениетінің, әдеби тіл нормаларын кодификациялаудың теориялық әрі практикалық проблемаларына және қазақ фразеологиясының өзекті мәселелеріне арналған. Олардың негіздері: «Сөз мәдениеті» (1984); «Қазақ орфографиясындағы қиындықтар» (1988); «Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері» (канд. дисс., (1993); «Қазақтың бата-тілектері» (1993; 2007) «Фразеология және тілдік норма» (1997); «Емлесі қиын сөздер» (2001, бірлескен авторлар); «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1988, 2001, 2005, бірлескен авторлар); Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері (докт. дисс., 2007) т.б.

Н.Уәлиев – жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныбына арналған «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті» (Алматы, 2006) атты оқулықтың авторы <ref>Қазақ тілі энциклопедиясы</ref>.

Зерттеу бағдарламаларына қатысуы

Институттың іргелі зерттеу бағдарламасы бойынша ол «Қазіргі қазақ тілі функционалдық стильдерінің қалыптасуы мен дамуы», «Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі» (1997-2002), «Қазақ жазуының дамуы мен қалыптасу кезеңдері» (2005-2008) атты тақырыптардың ғылыми жетекшісі болды.

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Н. Уәлиевтің басшылығымен он бес томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» құрастырылуда. Қазіргі кезде Сөздіктің ХV томының барлығы дерлік жарық көрді<ref>Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Алматы,2011</ref>.

Н.Уәлиев – ғылыми ұйымдастыру жұмыстарына және жоғары білікті ғылым кадрларын даярлау ісіне атсалысып жүрген ғалым; қазіргі кезге дейін 13 ғылым кандидатын даярлады.

Н.Уәлиев ғылыми зерттеу жұмыстарымен шұғылдана жүріп, Қыздар педагогтік институтында дәрістер оқып, осы институттың аспиранты Ғалия Шәріпжанованың кандидаттық жұмысына ғылыми жетекшілік жасады. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында студенттердің практикалық жұмыстарын ұйымдастыруға басшылық жасап, Тіл білімі институты мен Университеттің қазақ тілі кафедрасы арасындағы ғылыми байланысқа ұйытқы болды. Сондай-ақ Университеттегі А.Байтұрсынұлы атындағы зертхана кабинеттің ашылуына атсалысты.

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұргелді Мақажанұлы Уәлиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}