Нұрбол Жұмасқалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:31, 2015 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Футболшы

Нұрбол Жәрдемұлы Жұмасқалиев - Қазақстан футболшысы. Нұрбол Жұмасқалиев 1981 жылы мамырдың 11 жұлдызында Орал қаласында дүниеге келген. Бойы 1 метр 76 сантиметр. Салмағы 68 килограмм. Жартылай қорғаушы. Қазірде Қостанайдың "Тобыл" футбол клубында жартылай қорғаушы болып ойнайды. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншысы. Қазақстан құрама командасында алғашқы ойын Эстониямен матч болғанда 2001 жылының 14 қарашада өткізді.

Карьерасы

«Нарын»

Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстанның батысында дүниеге келді. 6 жасынан бастап футбол ойнай бастады. Оның бірінші жаттықтырушысы Болат Шалаев болған. 11 жасында Қазақстанның барлық жерінен жас өрендерді жинап жүрген «Намыс» (Алматы) клубына ауысқан. 16 жасында Нарынға шақырту алған.

Нұрболдың клубы Қазақстан Суперлигасында өнер көрсеткен. Алғашқы матчын Теміртаудың Болат ФК клубына қарсы өткізген. Бүткіл маусым бойы Нарын бірде бір ойында жеңіске жете алмады. Сөйтіп Нарын бірінші лигаға түсіп қалды.

«Жетісу»

Берік Арғымбаевтың шақыртуымен Талдықорғанның Жетісуына ауысып келді. Жұмасқалиев негізгі құрамда ойнады. Жаттықтырушысы оны шабуылдаушы жартылай қорғаушы рөлінде ойнатты. Клуб маусымды 15 орынмен аяқтады. Жұмасқалиев Суперлигада 30 кездесудің 24 інде алаңға шықты.

«Тобыл»

2000 жылы Нұрбол Жұмасқалиев өзінің клубтасы Абай Аманбаевпен бірге Қостанайдың Тобылынан келген ұсынысты қабылдайды. Бірінші маусымда-ақ Нұрбол маусымның ең үздіктерінің бірі атанады. Артынан ол команданың көшбасшысы және капитаны болды. Тобылға ауысқаннан кейін ол Қазақстан құрамасына шақырту алды.

2008 жылы Нұрбол Ақтөбеге қарсы «алтын матчта» ойнады. Пенальти сериясында ол шешуші допты соға алмады. Бүл маусым оған күйреу маусымы болды.

Екі рет Интертото Кубогы, бір рет УЕФА кубогында өнер көрсетті. 2003 жылы Нұрбол «Тобылдың» сапында 2 кезеңде жеңіске жетті. 2006 жылғы УЕФА кубогында Базелдің қақпасына доп соқты. (Екі ойынның қорытындысы бойынша «Базель» 3-1 есебімен жеңіске жетті). 2007 жылы шетелдік 3 клубты жеңіп ,«Тобыл» Интертото кубогын жеңіп алған командалардың бірі болды. «Галатасараймен» 1-1 болған ойында есеп ашты. Европа Лигасында «Зриньски» қақпасына доп соғады.

Ұлттық құрама сапында

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрама сапында 2001 жылы қазанның 16 жұлдызында Эстония құрамасына қарсы алғашқы кездесуін өткізді. Алғашқы добын Армения құрамасына соқты.

Клубтық карьера кестесі

Маусым Клуб Ел Лига Деңгей Ойындар Голдар
1998 Нарын Үлгі:KAZ Премьер лига 1 13
1999 Жетісу ФК Үлгі:KAZ Премьер лига 1 24
2000 Тобыл Үлгі:KAZ Премьер лига 1 22 9
2001 Тобыл Үлгі:KAZ Премьер лига 1 30 12
2002 Тобыл Үлгі:KAZ Премьер лига 1 21 4
2003 Тобыл Үлгі:KAZ Премьер лига 1 30 16
2004 Тобыл Үлгі:KAZ Премьер лига 1 36 19
2005 Тобыл Үлгі:KAZ Премьер лига 1 22 9
2006 Тобыл Үлгі:KAZ Премьер лига 1 28 14
2007 Тобыл Үлгі:KAZ Премьер лига 1 27 9
2008 Тобыл Үлгі:KAZ Премьер лига 1 28 12
2009 Тобыл Үлгі:KAZ Премьер лига 1 24 8
2010 Тобыл Үлгі:KAZ Премьер лига 1 24 12
Барлығы 329 124

Ұлттық құрамадағы голдары

# Дата Қарсылас Матч қорытындысы Турнир
1 19 ақпан 2004 Армения 3:3 Жолдастық кездесу
2 19 ақпан 2004 Армения 3:3 Жолдастық кездесу
3 2 маусым 2005 Тәжікстан 4:1 Жолдастық кездесу
4 7 қыркүйек 2005 Грекия 1:2 Іріктеу турнирі ӘЧ-2006
5 24 наурыз 2007 Сербия 2:1 Іріктеу турнирі ЕЧ-2008
6 11 тамыз 2010 Оман 3:1 Жолдастық кездесу

Табыстары

Командалық

Жеке табыстары

Жеке өмірі

Үйленген. Жолдасының есімі - Әсел. 2001 жылы 4 ақпан күні Нұрбол қызды болды.

Қызықты оқиғалар

  • «Тобыл» сапында өткізген алғашқы кездесуінде Жетісу клубына үш доп соғып хет-трик жасаған.
  • «Тобыл» сапында ойнаған матчы бойынша рекордсмен.
  • Қазақстан құрамасы бойынша үшінші.

Сілтемелер

Үлгі:Navigation Template